Мұхтар Шахановтың жары дүниеден өтті

Розалинда Шаханова 1951 жылы Павлодар қаласында дүниеге келген.

Сабина Асқарқызы

  • 18.04.2025

Ақын Мұхтар Шахановтың жары белгілі ғалым, педагог Розалинда Әшірбайқызы Шаханова дүниеден өтті, деп хабарлайды Malim.kz.

Бұл туралы Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің баспасөз қызметі мәлім етті.

QyzPU Басқарма nөрағасы – ректор Гүлмира Қанай және университет ұжымы мен білім алушылары белгілі ғалым, педагог Розалинда Әшірбайқызы Шаханованың дүниеден өтуіне байланысты туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтады, делінген хабарламада.

Айта кетейік, Розалинда Шаханова 1951 жылы Павлодар қаласында дүниеге келген. QyzPU-дың «Орыс тілі мен әдебиеті» мамандығына түсіп, оны 1974 жылы тәмамдаған. Бес жылға жуық орта мектепте тәрбиеші және орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі болып жұмыс істеген.

Розалинда Шаханова бірқатар оқу және оқу-әдістемелік құралдар мен көптеген ғылыми мақалалардың авторы. 

Ғылым мен білім беру саласына қосқан зор үлесі үшін «ҚР Білім беру ісінің үздігі», «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» сияқты атақтарға, ҚР Ғылым және білім беру министрлігінің «Ғылымның дамуына қосқан үлесі үшін», «Ы.Алтынсарин», QyzPU дамуына қосқан үлесі үшін «Құрмет» медаліне және тағы басқа да көптеген марапатқа ие болған.

Фото: youtube.com/@auezov-theatrekz

Байланысты жаналықтар

Қарақат Әбілдина танымал ақынның өзін «лақтырып» кеткенін айтты

09.04.2025

«Жоғал, құрып кет, иттің баласы»: Айнұр Тұрсынбаева баланы қалай тәрбиелеу керегін түсіндірді

31.03.2025

Қандай пәндердің мұғалімдері әлсіз? Министр Бейсембаев ұстаздардың осал тұсын айтты

08.02.2025

Мұхтар Шаханов. Жігерлендіру

15.01.2025

Мұхтар Шаханов Мағауиннің қазасына байланысты көңіл білдірді

13.01.2025

Ақын Тоқтарәлі Таңжарық өлеңдері

01.12.2024
MalimBlocks
Қарақат Әбілдина танымал ақынның өзін «лақтырып» кеткенін айтты

Ол келмеген қонақтарына да ренжулі екен.

«Жоғал, құрып кет, иттің баласы»: Айнұр Тұрсынбаева баланы қалай тәрбиелеу керегін түсіндірді

Айтыскер баланы қорқытудан аулақ болу керегін атап өтті

Қандай пәндердің мұғалімдері әлсіз? Министр Бейсембаев ұстаздардың осал тұсын айтты

Бұл білім беру бағдарламалары қайта қарауды талап етеді

Мұхтар Шаханов. Жігерлендіру

Мұхтар Шахановтың Желтоқсан оқиғасы кезінде Мәскеуде жастар алдында оқыған өлеңі

Мұхтар Шаханов Мағауиннің қазасына байланысты көңіл білдірді

Ақын Тоқтарәлі Таңжарық өлеңдері

Тоқтарәлі Таңжарық 1982 жылы ҚХР, Шыңжаң өңірінде дүниеге келген. «Түн парақтары» кітабының авторы. Ақын, журналист. "Дала мен Қала", "Қазақ Әдебиеті" газеттерінде жауапты қызмет атқарған. Қазір "Түркістан" басылымы редакторының орынбасары. Тоқтарәлі «Серпер» жастар сыйлығының иегері. Ақын өлеңдері «Еуропа ақындарының конкурсы» аясында поляк тілінде кітап болып жарық көрген. Тоқтарәлі Таңжарық Польшада өткен конкурсқа бүкіл Орта Азиядан Қазақстан атынан қатысқан бірден-бір ақын.