Павлодар облысында мемлекеттік қызметкер парамен ұсталды

Павлодар облысында мемлекеттік қызметкер парамен ұсталды, деп хабарлайды Malim.kz. 

Malim Админ

  • 27.03.2024

Ақсу қалалық соты баспасөз қызметінің мәліметінше, 2024 жылғы ақпан айында «Ақсу қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы ауыл азаматынан ауыл шаруашылығы техникасын пайдалануға рұқсат беретін қағазды заңсыз дайындағаны үшін 100 мың теңге алған.

Мемлекеттік қызметкердің қылмыстарды жасаудағы кінәсі куәлардың айғақтарымен, оның мойындауымен, заттай және құжаттамалық дәлелдемелермен дәлелденді.

Сот кінәсін мойындауын, жасаған әрекетіне өкінуін ескере отырып, айыпталушыға мемлекеттік қызметте, судья, жергілікті мемлекеттік органдарда және тағы басқа лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 5 миллион теңге көлемінде айыппұл тағайындады, – делінген хабарламада.

100 мың теңге көлеміндегі пара мемлекет пайдасына тәркіленді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Фото: freepik.com

Байланысты жаналықтар

Су тасқынына бөлінген ақшадан жемқорлар 1 млрд теңге жымқырып үлгерген

23.04.2024

133 млн теңге шығын: Павлодарда мүгедектерге арзанқол гаджет сатып әпермек болғандар сотталды

15.04.2024

Су тасқыны: Павлодар облысында төтенше жағдай режимі алынып тасталды

09.04.2024

Жыл басынан бері спорт саласында 39 жемқорлық қылмысы тіркелген

03.04.2024

Павлодарда «ҚазАвтоЖол» АҚ филиалының директоры бопсалап пара алған

02.04.2024

Ұлытау облысында Мәдениет басқармасының басшысы 6 жылға сотталды

13.03.2024
MalimBlocks
Су тасқынына бөлінген ақшадан жемқорлар 1 млрд теңге жымқырып үлгерген

Қаржылық мониторинг органдары Алматы қаласында, Ақтөбе, Қызылорда және Ұлытау облыстарында жымқыру белгілері бойынша төрт іс қозғады. 

133 млн теңге шығын: Павлодарда мүгедектерге арзанқол гаджет сатып әпермек болғандар сотталды

Кәсіпкерлік қызмет арқылы 25 млн теңгеден астам заңсыз пайда көрген жеткізуші де жазасыз қалған жоқ.

Су тасқыны: Павлодар облысында төтенше жағдай режимі алынып тасталды

Қазіргі уақытта ауылдарда жиналған қар суының қалдықтары сорылып жатыр.

Жыл басынан бері спорт саласында 39 жемқорлық қылмысы тіркелген

Жыл басынан бері спорт саласында 39 жемқорлық қылмысы тіркелді. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте агенттік төрағасы А. Жұмағалидің басшылығымен өткен ведомствоаралық мәжілісте айтылды, деп хабарлайды Malim.kz.

Павлодарда «ҚазАвтоЖол» АҚ филиалының директоры бопсалап пара алған

Павлодар қаласының No2 сотында «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ облыстық филиалының директоры мен бас маманға қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды Malim.kz.

Ұлытау облысында Мәдениет басқармасының басшысы 6 жылға сотталды

Ол мердігер ұйым өкілімен сөз байласып, 2 млн теңге көлемінде пара алған.