Құлсарыда 2 748 тұрғын үй әлі де су астында

Бүгінде Жылыой ауданында 30 мыңнан аса текше метр су сорылып, су тасқынына қарсы 790 мыңнан аса қап, 200 мың тонна инертетті материал төселген.

Malim Админ

  • 16.04.2024

Құлсары қаласында 3 мыңға жуық тұрғын үй мен нысанның әлі де су астында, деп хабарлайды Malim.kz.

Бұл туралы Атырау облысы ТЖД ресми өкілі Айсұлу Келдіғалиева мәлімдеді.

Оның айтуынша, бүгінде Жем өзеніндегі судың деңгейі тәулік ішінде 20 см-ге, ал су тасқыны басталғалы бері өзендегі судың деңгейі 136 см-ге төмендеген.

Барлық қызмет күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Табиғи апаттың салдарын жоюға 3 мың 66 адам, 229 техника, 17 жүзу құралы, 31 мотопомпа жұмылдырылды. Қазір Құлсарыда 2 748 тұрғын үй мен нысан әлі су астында. Тұрғын үйлерден су сору жұмысы жүргізіліп жатыр, - деді ол ОКҚ-да өткен брифингте.

Оның айтуынша, бүгінде Жылыой ауданында 30 мыңнан аса текше метр су сорылып, су тасқынына қарсы 790 мыңнан аса қап, 200 мың тонна инертетті материал төселген.

Фото: ТЖМ

Байланысты жаналықтар

Су тасқыны: ТЖМ өңірлердегі ахуал жайлы ақпаратты жаңартты

04.05.2024

Жайық өзенінде су деңгейі тағы да көтеріліп жатыр

03.05.2024

Су тасқыны: Үкімет тұрғындардың коммуналдық төлемін кейінге шегерді

03.05.2024

Құлсарыда су тасқынынан зардап шеккен тұрғындар баспана шығынын өтеуді талап етіп, алаңға жиналды

03.05.2024

Су тасқыны: 43 мыңнан астам қазақстандық үйлеріне оралды

02.05.2024

Жайық өзенінде су деңгейі айтарлықтай көтерілді

02.05.2024
MalimBlocks
Су тасқыны: ТЖМ өңірлердегі ахуал жайлы ақпаратты жаңартты

Су тасқынына қарсы жұмыстарға 14 мыңнан астам адам жұмылдырылған.

Жайық өзенінде су деңгейі тағы да көтеріліп жатыр

Бұл туралы Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы өкілдері мәлімдеді. 

Су тасқыны: Үкімет тұрғындардың коммуналдық төлемін кейінге шегерді

Су тасқынынан зардап шеккен тұтынушылардың тізімін (абоненттік нөмірлер) жергілікті атқарушы органдар, яғни, әкімдер жасайды.

Құлсарыда су тасқынынан зардап шеккен тұрғындар баспана шығынын өтеуді талап етіп, алаңға жиналды

Олар тікелей эфирде Тоқаевқа үндеу жолдап, алаңға өз үнін оған жеткізу үшін бейбіт түрде жиналып жатқанын алға тартты.

Су тасқыны: 43 мыңнан астам қазақстандық үйлеріне оралды

7710 жеке тұрғын үй мен 2844 аула аумақтарынан су бұрылды.

Жайық өзенінде су деңгейі айтарлықтай көтерілді

Мамандардың айтуынша, су деңгейінің көтерілуі күтілуде.