Семейде бір үйдің екі баласы із-түзсіз жоғалып кеткен

Тек жоғалғандардың сөмкесі қаланың ортасындағы құрылысы аяқталмаған ғимараттың маңынан табылыпты.

Malim Админ

  • 17.04.2024

Семейде бір үйдің екі баласының хабар-ошарсыз кеткеніне бес күннен асты. Туыстары әпкелі-інілі Алтынай мен Абзалды жер-көктен таппай шарқ ұрып жүр, деп хабарлайды Malim.kz 31-арнаның «Информбюро» бағдарламасына сілтеме жасап.   

Полицейлер, құтқарушылар, әскерилер мен еріктілер тобы да табандарын тоздырып, іздестіру жұмыстарын жалғастырып жатыр. Алайда 18 және 16 жастағы колледж студенттерін көрген-білген жан жоқ. Тек жоғалғандардың сөмкесі қаланың ортасындағы құрылысы аяқталмаған ғимараттың маңынан табылыпты. Бұдан бөлек олардың тағы бір баламен дүкенде кездескені бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Одан өзге іліп алар ақпарат жоқ.

Қазір ұшты-күйлі жоғалған колледж студенттерін бас-аяғы 300 адам іздеп жатыр. Тәртіп сақшылары олардың суретін жұртқа көрсетіп, халық көп жүретін орындар мен компьютерлік клубтарды аралап жүр. Сондай-ақ полицейлер Ертіс өзенінің жағалауын түгел сүзіп шықты. Ал туыстары олардың аман-есен үйге оралатынына сенеді.

Біздің жақындарымыз 2005 жылы туған Әбішева Алтынай мен 2008 жылы туған Әбішев Абзалдың жоғалып кеткеніне бүгін бес күн болды. Қандай да ақпарат болса, осы жағдай бойынша білген, естігендеріңіз болса, полиция бөліміне хабарласуды сұраймыз, – дейді жоғалғандардың туысы Гүлнар Әбішева.

Бұған дейін Абай облысы Үржар ауданында 23 жастағы азаматты тасқын су ағызып кетті. 

Осылайша суға кеткендер саны төрт адамға жетті. Құтқарушылар Аягөз ауданында ағып кеткен үш адамды да бір аптадан бері іздеп жатыр. 

Суға кеткен малшы мен екі тракторшыны іздеуге иісшіл иттер мен құтқарушылар жұмылды. Ал Үржар ауданындағы тасыған өзенге ағып кеткен азаматтың өзіне қол жұмсауы мүмкін деген болжам бар. Мамандардың айтуынша, ол денсаулығына байланысты медициналық есепте тұрған екен. Суға кеткен төрт адамды 80 жуық құтқарушы іздестіріп жатыр.

Фото: Абай облысы ПД

Байланысты жаналықтар

Павлодарда жасөспірім қыз жоғалып кетті

02.05.2024

«Қыз зорлады» деп айыпталған полиция бастығы 11 жылға сотталды

30.04.2024

Прокурор «қыз зорлады» деп айыпталған полиция бастығын 12 жылға соттауды сұрады

30.04.2024

Павлодарда жатақханада студент қыз өзіне қол жұмсаған

30.04.2024

Алматыда бойжеткенді зорланған күзетшіге сот үкімі шықты

29.04.2024

Су тасқыны: ІІМ із-түзсіз жоғалғандарға қатысты қылмыстық іс қозғады

18.04.2024
MalimBlocks
Павлодарда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Бұл туралы «VITA» іздестіру жасағының еріктілері мәлім етті.

«Қыз зорлады» деп айыпталған полиция бастығы 11 жылға сотталды

Ол полиция полковнигі арнайы атағынан айырылды.

Прокурор «қыз зорлады» деп айыпталған полиция бастығын 12 жылға соттауды сұрады

Ол облыс орталығының 27 жастағы тұрғынын зорлады деген күдікпен ұсталған болатын.

Павлодарда жатақханада студент қыз өзіне қол жұмсаған

Полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл фактіні растады.

Алматыда бойжеткенді зорланған күзетшіге сот үкімі шықты

Ол қызды пышақпен қорқытып, өз үйінің кіреберісінде не болып жатқанын видеоға түсірген.

Су тасқыны: ІІМ із-түзсіз жоғалғандарға қатысты қылмыстық іс қозғады

Қазір мұндай сипаттағы жеті қылмыстық іс бар.