Сотталған вайнердің анасы ұлы туралы айтып, көз жасын жасыра алмады
Мейіржан Төребаевтың анасы темір тордағы ұлы туралы айтып, жылап қалды

Сотталған вайнер Мейіржан Төребаевтың анасы мен әйелі Дана Есеева Ләйлә Сұлтанқызына берген сұхбатында отбасы, келіндік өмір мен темір тордағы Мейіржан туралы айтты, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі.
Мейіржанның анасы Сұлухан Төребаева үлкен арманы туралы айтып берді.
"Арманым - ішімде. Мейіржанымның шыққанын күндіз-түні тілеймін. Отбасына келсе екен тезірек. Баламды өте жақсы білемін. Балам ешкімді алдамайтын, ешкімнің ала жібін аттамайтын адам. Қайта мен біреу туралы бірдеңе деп пендешелікпен айтып қалсам, "айтып отырғаныңыз не, мама? Намаз оқисыз ғой" деп отыратын. Біреуге жаман айтқанды қаламайды, біреуді сөз еткенді қаламайды. Құдайға шүкір, қырыққа келді. Осылардың отбасы аман болсын. Екеуі бақытты болып, бір жастыққа қартайғанын тілеймін. Өте ризамын, балама да, келініме де. Бес бала қасымда. Бәрі менің жанымда азаннан кешке дейін. "Айналайын" деген сөзімді сағынып келеді. Соны естіп өскен. Мен бақыттымын. Артымда ахар-шахар боп қалсын. Ризамын, бақыттымын", - дейді ол.
Еске салайық, танымал вайнер Мейіржан Төребаев 5 жылға сотталған.
Фото: видеодан алынған кадр
MalimBlocks
