Су тасқыны: елімізде 8 мыңнан астам мал қырылып қалған

Республикалық эпизоотияға қарсы отряд тұрақты эпизоотиялық жағдайды сақтау мақсатында жануарлардың өлекселерін жою жұмыстарын қарқынды жалғастырып жатыр.

Malim Админ

  • 10.04.2024

Ауыл шаруашылығы министрлігі елімізде болып жатқан су тасқынының салдарынан 8,1 мың бас мал өлгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Су тасқыны кезіндегі шығынды барынша азайту бойынша қабылданған шаралардың нәтижесінде Ауыл шаруашылығы министрлігінің облыс әкімдіктерімен бірлескен әрекетімен 88 мыңнан астам ауыл шаруашылығы жануары қауіпсіз аумаққа айдалып шығарылды.

Жедел деректер бойынша өлген мал саны 8,1 мың бас, оның ішінде ұсақ мал – 6 мың, ірі қара – 1,5 мың, жылқы – 514 бас. Республикалық эпизоотияға қарсы отряд тұрақты эпизоотиялық жағдайды сақтау мақсатында жануарлардың өлекселерін жою жұмыстарын қарқынды жалғастыруда, – делінген Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми сайтында.

Бүгінгі таңда 4,1 мың бас өлген мал жойылған. Премьер-министрдің тапсырмасы бойынша бұл жұмыс күшейтілген режимде жалғасатын болады.

Су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және су тасқыны кезеңінің зардаптарын жою жөніндегі республикалық штабпен өлген мал иелеріне өтемақы төлеу алгоритмі әзірленіп, бекітілді.

Меншік иелері мен залалды анықтау және басқа да мәселелерді шешу үшін өңірлерде жергілікті атқарушы органдармен шығынды анықтау жөніндегі комиссиялар құрылды.

Су тасқыны салдарынан өлген ауыл шаруашылығы жануарларының иелері малдары туралы мәліметтерді көрсете отырып, жергілікті комиссияға өтініш беруі керек.

Ауыл шаруашылығы жануарларына меншік құқығы комиссиялардың актілерімен расталады.

Меншік иелеріне өтемақы мөлшері Ұлттық статистика бюросы жариялаған жануарлардың түрлері, жынысы мен жас шамасы бойынша нарықтық құны туралы мәліметтер негізінде айқындалатын болады, – делінген хабарламада.

Жалпы, су тасқынынан зардап шеккен аймақтардағы эпизоотиялық жағдай, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларының иелеріне келтірілген шығынды өтеу мәселелері Ауыл шаруашылығы министрлігінің тұрақты бақылауында.

Фото: mail.kz

Байланысты жаналықтар

БАӘ-де дипломат күйеуінен зәбір көрген әйел Қазақстанға оралды

08.05.2024

СІМ өкілі әйелін ұрған дипломат туралы пікір білдірді

06.05.2024

Қазақстанның БАӘ елшісінің кеңесшісі әйелін ұрып-соққан

06.05.2024

Су тасқыны: 48 945 адам өз үйіне оралды

06.05.2024

Елімізде ҰБТ-ға өтініш қабылдау басталды

06.05.2024

Елімізде Жасанды интеллект және инновацияларды дамыту комитеті құрылды

04.05.2024
MalimBlocks
БАӘ-де дипломат күйеуінен зәбір көрген әйел Қазақстанға оралды

Енді ол күйеуімен ажырасатын болды.

СІМ өкілі әйелін ұрған дипломат туралы пікір білдірді

Оның ісімен құқық қорғау органдары айналысатын болады.

Қазақстанның БАӘ елшісінің кеңесшісі әйелін ұрып-соққан

Әйел өз видеоүндеуінде күйеуін түрмеге жабуды қалайтынын айтады.

Су тасқыны: 48 945 адам өз үйіне оралды

Республика бойынша 8 958 тұрғын үй мен 2 994 аула аумағынан судың бағыты бұрылып, су сорылды.

Елімізде ҰБТ-ға өтініш қабылдау басталды

Ведомство басшылығының шешімі бойынша, 2024 жылы талапкерлер негізгі ҰБТ-ны екі рет тапсырып, ең үздік нәтижемен грант конкурсына қатыса алады.

Елімізде Жасанды интеллект және инновацияларды дамыту комитеті құрылды

Қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.