Су тасқыны: Петропавлда зардап шеккендерге берілетін өтемақы екі есеге қысқартылған

Қазірге дейін прокуратура мен қалалық әкімдіктен жағдайға қатысты ешқандай түсініктеме келмеген.

Malim Админ

  • 17.04.2024

Петропавлда су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға төленетін әлеуметтік төлемдерді 200 АЕК-тен 100 АЕК-ке дейін төмендету туралы жасырын шешім қабылданған, деп хабарлайды Malim.kz Петропавловск.news сайтына сілтеме жасап. 

10 сәуір күні Солтүстік Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ринат Елжасов облыстың барлық аймақтарында және Петропавлда қиын жағдайға тап болған азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету ережелері туралы хабарлаған.

Шенеунік су тасқынынан зардап шеккен Петропавл қаласының тұрғындарына 200 АЕК көлемінде өтемақы төленетінін айтқан.

14 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі де Telegram арнасында Петропавлда үйлерін су басқан тұрғындарға көрсетілетін көмек туралы ақпарат жариялап, тұрғындарға бір реттік 200 АЕК немесе 738 мың теңге көлемінде өтемақы төленетінін хабарлады.

Алайда біраз уақыттан кейін ақпаратқа өзгерістер енгізілген. Белгісіз себептермен өтемақы мөлшері екі есеге, яғни 200 АЕК-тен 100 АЕК-ке дейін қысқартылған.

Айта кетейік Петропавл қалалық мәслихатының 2024 жылғы 27 наурыздағы сессиясының шешімімен тұрғын үй иелеріне төтенше жағдай кезіндегі әлеуметтік көмектің мөлшері бір отбасына 100-ден 200 АЕК-ке дейін көтерілген. Бұл шешім 2024 жылғы 8 сәуірде жарияланды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Солтүстік Қазақстан облысына сапары барысында тұрғындармен кездесуінде әлеуметтік көмектің 100 АЕК көлемінде болатынын мәлімдеген және жиналғандардың ешқайсысы бұл ақпаратқа наразылық білдірмеген.

Басылымның мәліметінше, қазірге дейін прокуратура мен қалалық әкімдіктен жағдайға қатысты ешқандай түсініктеме келмеген. 

Фото: pkzsk.info

Байланысты жаналықтар

Су тасқыны: ТЖМ өңірлердегі ахуал жайлы ақпаратты жаңартты

04.05.2024

Боранбаевтың мемлекетке өткізген қонақ үйі кімге берілгені белгілі болды

03.05.2024

Петропавлда 56 жастағы әйел 5-қабаттан құлап кеткен

03.05.2024

Жайық өзенінде су деңгейі тағы да көтеріліп жатыр

03.05.2024

Су тасқыны: Үкімет тұрғындардың коммуналдық төлемін кейінге шегерді

03.05.2024

Құлсарыда су тасқынынан зардап шеккен тұрғындар баспана шығынын өтеуді талап етіп, алаңға жиналды

03.05.2024
MalimBlocks
Су тасқыны: ТЖМ өңірлердегі ахуал жайлы ақпаратты жаңартты

Су тасқынына қарсы жұмыстарға 14 мыңнан астам адам жұмылдырылған.

Боранбаевтың мемлекетке өткізген қонақ үйі кімге берілгені белгілі болды

Аукционның кепілді жарнасы 587 миллион ​​914 мың теңге болады.

Петропавлда 56 жастағы әйел 5-қабаттан құлап кеткен

Ол полицейлерге өзім құлап кеттім деп айтқан.

Жайық өзенінде су деңгейі тағы да көтеріліп жатыр

Бұл туралы Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы өкілдері мәлімдеді. 

Су тасқыны: Үкімет тұрғындардың коммуналдық төлемін кейінге шегерді

Су тасқынынан зардап шеккен тұтынушылардың тізімін (абоненттік нөмірлер) жергілікті атқарушы органдар, яғни, әкімдер жасайды.

Құлсарыда су тасқынынан зардап шеккен тұрғындар баспана шығынын өтеуді талап етіп, алаңға жиналды

Олар тікелей эфирде Тоқаевқа үндеу жолдап, алаңға өз үнін оған жеткізу үшін бейбіт түрде жиналып жатқанын алға тартты.