Сын сағатта халықтың береке-бірлігі шешуші рөл атқарады

Malim Админ

  • 27.03.2024

Еліміздің әр аймағында қарғын су тасқыны байқалып отырғаны белгілі. Жыл сайын наурызда елді қызыл судың әбігерге салатыны бар. Биыл былтырмен салыстыра қарағанда қардың түсімі де әжептеуір мол болғанын синоптик мамандар мәлімдемелерінде айтты. 

Дәл қазіргі кезде сын сағаттан өту үшін бізге халықтың бірлікте болуы, өзара ынтымақты сақтауы қажет.  Біз қай кезеңде де бір қолдың саласындай болып, күш-жігерімізді бір анаға шоғырландырғанда ғана қиындықты еңсеріп әкетеміз. Бұл жайында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы мәлімдеп, бұқара халықты ортақ істе осылдық танытпауға үндеді.  Қазір нақты жұмыстар қолға алынып, тасқынға тас қамалдай қарсы тұрудың қарекеттері жасалуда. 

Жергілікті атқарушы және орталық мемлекеттік органдардың үйлесімді іс-қимылдарының арқасында адам өліміне жол берілмей, табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардан туындайтын шығындарды  кемітуге мүмкіндік берді.

Тасқын бастау алған кезеңнен бері  630 мың текше метрден  асатын   жайылған су құрғатылды. 25 мыңға тарта  қанар  төселді.

Авариялық-құтқару жұмыстарына тастүйін төтеншеліктер, Қорғаныс саласына жауапты ведомство, Ұлттық Қауыпсіздік Комитетіне қарайтын  тікұшақтарды қоса алғанда, төрт мыңға жуық адам мен 1 300 арнайы көлік жұмылдырылды. Аталмыш жұмыстар қауіптің беті бері қарағанға  шейін жалғаса бермек.

Бүгінде жер-жерде күн райының  күрт жылып кетуі, жауын-шашын  ахуалына қатысты Ақтөбе, Ақмола, Петропабл, БҚО сондай-ақ  Абай облыстарында судың көтеріліп кетуі ықтимал деген болжамдар ара-тұра көрініс беріп қалып жатқаны жасырын емес.

Тап қазіргі кезде  297   тұрғын үй су құрсауында қалды деген ақпарат жарияға шықты. 110-нан аса  тозығы жеткен асфальт  арқылы су жүріп, 19 жолды  су шайып  кетті деген деректер  тіркеліп отыр. Көпірлерге де төнер қауіп жоқ емес.

Төтенше жағдайға ұшырап қалған  халыққа заңнамаға сәйкес барынша   көмек көрсетілетінін Қ.Тоқаев шегелеп айтты. 

Су тасқынына тойтарыс беруді көздейтін ауқымды шаруалар   жалғасып жатыр.

Фото: ТЖМ

Байланысты жаналықтар

Алматыда 2 балдық жер сілкінісі болды

20.05.2024

Балқаш көліндегі су деңгейі 8 см-ге көтерілді

20.05.2024

ТЖМ су тасқынына қарсы шаралардан хабардар етті

19.05.2024

Атырау мен Индербор, Махамбет ауылдарында су қалыпты деңгейінен жоғары

19.05.2024

Атырау облысындағы Жайық өзеніндегі су деңгейі бойынша мәлімет

18.05.2024

Су тасқынынан зардап шеккен 202 отбасы тұрғын үй мен пәтерлер алды

17.05.2024
MalimBlocks
Алматыда 2 балдық жер сілкінісі болды

Тереңдігі — 10 шақырым.

Балқаш көліндегі су деңгейі 8 см-ге көтерілді

Кө1 сәуірде 174 см-ге жеткен еді.

ТЖМ су тасқынына қарсы шаралардан хабардар етті

Уақытша нысандарда әлі де 5 мыңнан астам адам бар

Атырау мен Индербор, Махамбет ауылдарында су қалыпты деңгейінен жоғары

Облыстық жедел штаб бүгінгі мәліметті таратты

Атырау облысындағы Жайық өзеніндегі су деңгейі бойынша мәлімет

Индербор, Махамбет ауылдары мен Атырау қаласында жағдай қиын

Су тасқынынан зардап шеккен 202 отбасы тұрғын үй мен пәтерлер алды

Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарында зардап шеккен азаматтарға арналған 658 жаңа үй салынып жатыр.