Теміртаудағы жол апаты: 2 бала көз жұмып, 10 адам емханаға түсті

Тас жолда Toyota Camry мен Chevrolet Nexia соқтығысқан

Malim Админ

  • 08.05.2024

Теміртау маңында болған жол апаты салдарынан кәмелетке толмаған екі бала қаза тауып, тағы 10 адам емханаға жатқызылды, - деп хабарлайды Malim.kz Tengrinews.kz-ке  сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 7 мамыр күні сағат 17:56 шамасында Алматы – Екатеринбург тас жолының Теміртау маңындағы ақылы бекет жанында болған. Тас жолда Toyota Camry мен Chevrolet Nexia соқтығысқан.

Алдын ала мәлімет бойынша, көліктердің ішінде 12 адам болған, оның екеуі – бала. Ауыр жарақат алған 10 адам медициналық мекемелерге жеткізілді.

«Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Тергеу жүргізіліп, мән-жайы анықталып жатыр. Полиция департаменті жол қозғалысы ережелерін сақтауға және жылдамдық режимін бұзбауға тағы да шақырады», - деп хабарлады Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Фото: Tengrinews   

Байланысты жаналықтар

Теміртауда атыс болды: зардап шеккендер бар

04.04.2024

Жаралы адамға көмектеспей, шай ішіп отырған дәрігер жазаланды

24.06.2022

Теміртауда полиция қызметкерлері ұсталды

25.02.2020
MalimBlocks
Теміртауда атыс болды: зардап шеккендер бар

Қарағанды облысы Теміртау қаласында атыс болып, 27 жастағы жергілікті тұрғын оқ жарақатынан ауруханға түсті, деп хабарлайды Malim.kz.

Жаралы адамға көмектеспей, шай ішіп отырған дәрігер жазаланды

Медбикелердің біреуі материал күтіп отырғанын жеткізген

Теміртауда полиция қызметкерлері ұсталды