«Теңізшевройл» жұмысшыларын жаппай қысқартуы мүмкін

«Теңізшевройл» компаниясына Orda.kz қызметкерлерді қысқарту бастала ма деген сұрақ қойға. Бірақ оған компания нақты жауап бермеген, деп хабарлайды Malim.kz.
Американдық Chevron корпорациясының шығындарды оңтайландыру жоспарларына байланысты Теңізде жаппай қызметкерлерді қысқартады деген сөз тараған.
«Теңізшевройл» компаниясының саясатына сәйкес, компания өз қызметкерінің атынан пікір білдірмейді. ТШО өз қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырады. Сонымен қатар, ТШО кадрлық мәселелерінің мәліметтерін түсіндірмейді», – делінген «Теңізшевройл» компаниясының жауабында.
Компанияның баспасөз қызметі Теңізде мүмкін болатын қысқартулардың мемлекет үлесінің артуымен байланысты ма немесе бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қаңтар айының соңында өткен үкімет отырысында айтқан пікіріне қандай да бір қатысы бар ма деген сұраққа да жауап бермеді.
«Концессия мерзімін ұзартуға қатысты барлық сұрақтарды ТШО қатысушыларына жолдау қажет», – деп жауап берді компания.
Бұған дейін белгілі болғандай, американдық мұнай алыбы Chevron 2026 жылдың соңына дейін қаржылық шығындарды азайту мақсатында қызметкерлерінің 15-20%-ын қысқартуды жоспарлап отыр. Қаңтар айында корпорация активтерінің бір бөлігін сататынын және роботизацияны енгізуді жоспарлап отырғанын хабарлады.
Қазіргі уақытта Chevron-ның жаппай қысқартулары Қазақстандағы жобаларына қалай әсер ететіні белгісіз. Бірақ «Теңізшевройлдың» анық әрі нақты жауап бермеуі алаңдаушылық тудырады.
Фото: Gov.kz