ТЖМ енді өрттен сақ болуға шақырып жатыр

Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымның болжамы бойынша 2024 жыл өткен жылмен салыстырғанда ыстық болады.

Malim Админ

  • 08.04.2024

Биыл еліміздің жеті оңтүстік өңірінде - Алматы қаласы, Алматы, Жамбыл, Жетісу, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан облыстарында 20 наурыздан бастап өрт қауіпті маусым, деп хабарлайды Malim.kz.

ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитетінің мәліметінше, қалған аймақтарда өрт қауіпті маусым 8 сәуірден басталады.

Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымның болжамы бойынша 2024 жыл өткен жылмен салыстырғанда ыстық болады. Егер Қазақстанда жазғы уақытта орташа температура 19-23 градус болса, онда алдағы жазғы кезеңде, Қазгидромет мәліметтері бойынша, 40 градусқа дейін және одан жоғары болады.

Өрт қауіпті кезеңге дайындық шеңберінде ТЖ министрлігі өрт қауіпті маусымда орман және дала өрттерінің туындау және оларды жою тәуекелдерін азайту жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірледі.

Табиғи өрттердің туындау қаупін азайту мақсатында азаматтардан өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауды:

- жанып тұрған сіріңке мен темекі тұқылын лақтыруға жол бермеулеріңіз;

- орман және дала алқаптарында от жағуға жол бермеуді;

- табиғатта болғаннан кейін шыны ыдыстарды өзіңізбен бірге алып жүру керек, өйткені күн сәулесі әйнектен өтіп, құрғақ шөпті, өртеп жіберуі мүмкін;

- жанғыш қоқыстарды шығару және елді мекендердің аумағын жинау, құрғақ өсімдіктерден тазарту және минералданған жолақтарды қалпына келтіру бойынша іс-шаралар жүргізу;

- табиғи өрттер туындаған жағдайда өртке қарсы қызметке 101, 112 телефондары бойынша дереу хабарлауды сұраймыз.

Рұқсат етілмеген күйдіру, ауыл шаруашылығы алқаптарында құрғақ шөптің бақылаусыз қалуы, сабанды жағу және орман мен дала алқаптарында өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамағаны үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 336, 367, 410-баптары бойынша әкімшілік жауапкершілік көзделгеніне назар аударамыз.

Фото: ТЖМ

Байланысты жаналықтар

Елімізде Жасанды интеллект және инновацияларды дамыту комитеті құрылды

04.05.2024

Қазақстан тергеу изоляторында отырған бір күдікті үшін айына 750 мың теңге жұмсайды

04.05.2024

Ресей Қазақстан үшін қант экспортына шектеу енгізді

04.05.2024

Елімізде 1 шілдеден бастап дәрі-дәрмек қымбаттауы мүмкін

04.05.2024

Қор нарығында доллар қымбаттады

03.05.2024

Алдағы күндері елімізде күн қайта суытады

03.05.2024
MalimBlocks
Елімізде Жасанды интеллект және инновацияларды дамыту комитеті құрылды

Қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан тергеу изоляторында отырған бір күдікті үшін айына 750 мың теңге жұмсайды

Қазір үй қамақтағы күдіктілерге электронды білезік қолдану тәжірибесі көбейіп келеді.

Ресей Қазақстан үшін қант экспортына шектеу енгізді

Бұл туралы РФ Үкіметінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Елімізде 1 шілдеден бастап дәрі-дәрмек қымбаттауы мүмкін

Қазақстанда фармацевтикалық препараттардың құны соңғы бір жылда 11 пайызға өскен.

Қор нарығында доллар қымбаттады

Ұлттық банктің ресми бағамы — 1 долларға 443,37теңге.

Алдағы күндері елімізде күн қайта суытады

Мұның себебі – қысым өрістерінің жылдам өзгеруі.