Үш баланы өлтіру. Полицейлер бірін бірі терістеп жатыр.

«Сириядағы соғысқа қатыспаған». Бір жарым ай бұрын Ақтауда ажырасқан әйелінде кеткен үш баласын қастандықпен өлтірген әкенің діни жат ағымның жетегінде кеткені туралы ел арасында түрлі әңгіме айтылған еді

  • 04.05.2023

Кейін оның Сириядағы соғысқа қатысып, Қазақстанға арнайы «Жусан» операциясы аясында «оралғаны» көпшілік арасына тарап кетті.

Алайда Сириядағы соғысқа қатысты деген әңгімені Маңғыстау облыстық Полиция департаменті жоққа шығарды. Баспасөз қызметінің хабарлауынша, бейнеулік жігіт Сириядағы соғысқа бармаған. Атын атағысы келмеген күдіктіні жақын танитын ауылдасы да бұл деректі растады. Дегенмен, мұндай әңгіменің шығуына полиция қызметкерінің пікірі түрткі болған көрінеді.

«Учаскелік полиция инспекторының наурыз айында балаларын өлтірген Ақтау тұрғыны қазақстандықтарды Сириядан қайтару жөніндегі «Жусан» операциясының қатысушысы болғаны және есепте тұрғандығы туралы түсініктемесі екі рет тексерілді. Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейтіні анықталды. Осыған байланысты қызметкермен алдағы уақытта мұндай деректерге жол бермеу туралы профилактикалық әңгіме жүргізілді», - деді МО ПД баспасөз қызметі.

 Қазір қамауда отырған оның ауылдасы күдікті Маңғыстау облысына қарасты Бейнеу ауданының тумасы. Ауылдастарының бірі оны жақын танитынын, сонымен бірге, бір мектепте оқығанын атады. Айтуынша, ол баяғыдан бері дін жолында көрінеді.

«Бейнеу ауданының жігіті ғой. Ы.Алтынсарин атындағы мектепте бізден төмен сыныпта оқыды. Кейін ел оны дінге бет бұрып, салафилік бағытта жүргенін айтатын. Ауылдасымыз болған соң танимыз. Қылмыстық оқиғаны естіп елмен бірге сене алмадық. Неліктен мұндай қадамға барғаны бізге түсініксіз, - дейді күдіктінің ауылдасы.

Анықталған дерек бойынша күдікті 1986 жылы туған. Өткен жылдың күзінде отбасымен ажырасып, үш баласы әйелінде қалған. Кейін бұрынғы әйелі балалармен Атырау облысына қоныс аударған көрінеді. Көктемгі демалыста Ақтаудағы әкесіне қыдырып келген үш баланы сол күні көршілері көрген. Олардың екеуі қыз, кенжесі ұл бала болған.

 «Оқиға болған күні әкесі үш баласымен бірге таксиден түсіп, үйге кіріп бара жатты. Бұл қай жақтың адамы екен деп басымды бұрып қарадым. Себебі, екі қызының басында хиджабы бар еді. Түс ауа көршілер «үш баласын өлтіріпті» деп шулап жатты. Бұған дейін ол жігітті көргенім жоқ. Тіпті, басқа көршілер де білмейді екен», - дейді Ұлсын Ақбергенова.

Ақтаудың 27 шағын ауданындағы көпқабаттың үйдің бірінде табылған үш жасөспірім  2011, 2014 және 2016 жылы туған. Нақтыланбаған кейбір деректер бойынша, ажырасқан әйел балалардың әкесінен алимент талап еткен. Сонымен бірге, күдіктінің танысы оның Ақтаудағы жиһаз цехында жұмыс істегенін, көп сөйлемегенімен, жайдары адам болғанын атады.

Айта кететін бір жайт, бұған дейін полиция оның қылмыс барысында мас болғаны туралы ресми хабарлаған. Сондай-ақ, бұл жантүршігерлік оқиға Маңғыстау облысындағы алғашқы жағдай емес. Өткен жылдың соңында Мұнайлы ауданында үш баласын асып өлтіріп, соңынан өзін қол салған қылмыстық оқиға болған еді.

Байланысты жаналықтар

«Үйді бөліскісі келмеген»: Ақтөбеде 3 баланың анасын бұрынғы күйеуі өлтіріп кеткен

03.05.2024

«Әділдік және Өркендеу» қорының Маңғыстау өңіріндегі белсенділері қарттарға көмектесті

30.04.2024

Жыл басынан бері ұлттық алауыздықты қоздырғаны үшін 6 қылмыстық іс қозғалды – ІІМ

17.04.2024

«Таза Қазақстан»: Маңғыстауда «Ыбықты-Сай» шатқалында сенбілік өтті

17.04.2024

Атыраудың 1700-ге жуық мектеп оқушысы Маңғыстауда оқиды

09.04.2024

Су тасқыны: Еріктілер Құлсары қаласындағы Жем өзенінің сағасына қап төсеп жатыр

08.04.2024
MalimBlocks
«Үйді бөліскісі келмеген»: Ақтөбеде 3 баланың анасын бұрынғы күйеуі өлтіріп кеткен

Қайғылы оқиға 31 қаңтардан 1 ақпанға қараған түні болған.

«Әділдік және Өркендеу» қорының Маңғыстау өңіріндегі белсенділері қарттарға көмектесті

Белсенділер өз қаражаты есебінен азық-түлік сатып алды.

Жыл басынан бері ұлттық алауыздықты қоздырғаны үшін 6 қылмыстық іс қозғалды – ІІМ

Көрсетілген құқық бұзушылықтар үшін ҚР Қылмыстық кодексінде қылмыстық жауаптылық шаралары көзделген.

«Таза Қазақстан»: Маңғыстауда «Ыбықты-Сай» шатқалында сенбілік өтті

Миллиондаған жыл бойы жаңбыр мен жел мүжіп, мінсіз мүсіндеген шатқалдар көркімен көз баурайды.

Атыраудың 1700-ге жуық мектеп оқушысы Маңғыстауда оқиды

Онлайн оқыту форматы биыл 8-12 сәуір аралығында жүргізіледі.

Су тасқыны: Еріктілер Құлсары қаласындағы Жем өзенінің сағасына қап төсеп жатыр

Осы қап төсегеннің арқасында 5-ауыл су басудан аман қалды дейді тұрғындар.