Ұзынкөлде 1400 ағаш отырғызылды

Қостанай облысы Ұзынкөл ауданында 1400-ден астам жас көшет отырғызылды. "Таза Қазақстан" республикалық акциясы аясында Қостанай облысының әртүрлі аудандарында абаттандыру және көгалдандыру қарқынды жүріп жатыр.

Malim Админ

  • 03.05.2024

3 мамырдан бастап акцияға жергілікті атқарушы органдардың, ведомстволық ұйымдардың, квазимемлекеттік сектордың, білім беру ұйымдарының, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының қызметкерлері мен ауданның жеке кәсіпкерлері қосылды.
“Бүгін ауылдастарымызбен "Бүкіл қазақстандық ағаш отырғызу күнінде" көшет отырғызу акциясына қатыстық. Менің ойымша, бұл адамдарды біріктіретін өте жақсы іс-шара. Новопокровка ауылының тұрғындары ауылдық округ әкімі Ербол Боржаковтың іс-шараға қатысуға шақыруын жауапсыз қалдырмады. Мұндай акция осымен ғана тоқталмай ауыл мен аудан үшін жақсы дәстүрлі түрде қайталанады деп үміттенеміз”, -деді Новопокровка ауылының тұрғын Анастасия Хлыбова.
Тараптардың әрқайсысы облысты абаттандыруға үлес қосуды өз міндеті деп санайды. Ауқымды акцияға қатысушыларды Ұзынкөл ауданы әкімдігінің өкілдері, мемлекеттік органдардың басшылары мен қызметкерлері, Ұзынкөл ауданы ауылдық округтерінің әкімдері қолдады. Жалпы аудан бойынша белсенділер 1400-ден астам ағаш көшеттерін отырғызды. 
“Отырғызылған ағаштардың негізгі бөлігі алдын ала әкелінген алма мен пирамида терек көшеттері болды. Бұл бастама өңір халқының оң пікіріне ие болуда. Жұмыс ауданның елді мекендерін абаттандыру жөніндегі іс-шаралар шеңберінде жалғастырылатын болады”, – деп атап өтті Ұзынкөл ауданы әкімдігінің өкілдері.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстанда 2021 жылдан 2026 жылға дейін 2 миллиардқа жуық ағаш отырғызу жоспарланған болатын. Қостанай облысында Әулиекөл мен сегіз уақытша және екі тұрақты орман алқабы бар. Қазіргі уақытта өңірде тұқым қорын ұлғайту бойынша жоспарлы жұмыс жүргізілуде.
Естеріңізге сала кетейік, ауқымды республикалық экологиялық акция 8 сәуірде басталып, бүкіл ел аумағында бес аптаға созылады. Олардың әрқайсысы белгілі бір тақырыпқа арналады.
Бірінші аптада 13 сәуірге дейін "Таза өлке" іс-шарасы аясында елді-мекендердің тұрғындары, қоғам белсенділері, ұйымдар мен кәсіпорындардың қызметкерлері іргелес аумақтар мен аулаларды жинады.
20 сәуірге дейінгі апта "Киелі мекен" деген атаумен тарихи-мәдени ескерткіштер аумағын абаттандыру жұмыстарына арналды.
27 сәуірге дейін "Жасыл аймақ" атауымен апта ағаш көшеттерін жаппай отырғызуға, жасыл желектерді ақтауға арналды.
4 мамырға дейінгі кезең "Өнегелі ұрпақ" деп аталады. Мұнда белсенділер ардагерлер аулалары мен қарттар үйлерінің аумақтарын тазалап абаттандырады. Ал соңғы, бесінші аптада "Мөлдір бұлақ" деген атпен белсенділер су айдындарының, өзендер мен көлдердің арнасын қоқыстан тазартатын болады.

Фото: Ұзынкөл ауданының әкімдігі

Байланысты жаналықтар

Қостанай облысында құлаған ұшақтың бортында науқас болған

04.05.2024

Қостанай облысында ұшақ апатқа ұшырады: Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр

03.05.2024

Қостанай облысында ұшақ апатқа ұшырады

03.05.2024

«Туған жерімізді таза ұстауымыз керек»: Президент сенбілікке қатысты

27.04.2024

«Таза Қазақстан»: Қарағандылықтар орманға 90 түп қарағай көшетін отырғызады

23.04.2024

Су тасқыны: Қостанай облысында зардап шеккен тұрғындар жаңа пәтерлерге ие болды

18.04.2024
MalimBlocks
Қостанай облысында құлаған ұшақтың бортында науқас болған

Пациент миокард инфарктісін алған.

Қостанай облысында ұшақ апатқа ұшырады: Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр

Ұшақта 2 экипаж мүшесі мен 3 қызметкер жолаушы болған.

Қостанай облысында ұшақ апатқа ұшырады

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, ұшақ санитарлық авиацияға тиесілі екен.

«Туған жерімізді таза ұстауымыз керек»: Президент сенбілікке қатысты

Сенбілік барысында жалпы саны жөке ағашының 430 түп көшеті отырғызылды.

«Таза Қазақстан»: Қарағандылықтар орманға 90 түп қарағай көшетін отырғызады

Көшет отырғызу Қарағанды қаласының 90 жылдығына жоспарланған.

Су тасқыны: Қостанай облысында зардап шеккен тұрғындар жаңа пәтерлерге ие болды

Жаңа қоныстанушыларды облыс әкімі Құмар Ақсақалов құттықтап, плазмалық теледидарлар мен кілемді сыйға тартты.