Жыл басынан бері 4,3 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

Олардың жартысы (51,1%) Қытайдан, 31,9% – Өзбекстаннан, 6,4% – Түрікменстаннан, 5,4% – Моңғолиядан, 3,7% – Ресейден және 1,5% басқа елдерден.

Malim Админ

  • 23.04.2024

Биылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша 4 351 этникалық қазақ тарихи отанына оралып, қандас мәртебесін алды, деп хабарлайды Malim.kz.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 млн 132,7 мың этникалық қазақ оралған.

Жыл басынан Қазақстанға келген қандастардың жартысы (51,1%) Қытайдан, 31,9% – Өзбекстаннан, 6,4% – Түрікменстаннан, 5,4% – Моңғолиядан, 3,7% – Ресейден және 1,5% басқа елдерден.

Осы жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 59,1%, еңбекке қабілетті жастан кіші 31,7% және зейнеткерлер 9,2% болды.

Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінен білім деңгейі бойынша 16,9%-ы жоғары білімді, 21,5%-ы орта кәсіби білімді, 55,5%-ы жалпы орта білімді, және 5,1% білім жоқ.

Қоныс аударған этникалық қазақтар республиканың түрлі өңірлеріне қоныстанды.

Сонымен бірге, қандастарды қоныстандыру үшін келесідей еңбек күші тапшы өңірлер анықталды: Ақмола, Абай, Қостанай, Павлодар, Шығыс және Солтүстік Қазақстан облыстары.

Қоныстандыру өңірлерінде 2024 жылға арналған қандастарды қабылдау квотасы 2 433 адамды құрайды. 2023 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша қоныстандыру өңірлеріне 1381 қандас қоныс аударды.

Жоғарыда аталған өңірлерде қоныстанған қандастарға көшуге субсидия түрінде мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылады: бір мезгілде отағасына және отбасының әрбір мүшесіне 70 АЕК (258,4 мың теңге) мөлшерінде; тұрғын үй жалдауға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге бір жыл ішінде 15-тен 30 АЕК (55,3-ден 110,7 мың теңгеге дейін) мөлшерінде беріледі.

Жыл басынан бері 617 қандасқа түрлі қолдау шаралары көрсетілді. Атап айтқанда, 368 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды.

Сонымен қатар ерікті қоныс аударудың тиімділігін арттыру мақсатында азаматтарды солтүстік өңірлерге қоныс аударуға қатысатын жұмыс берушілерді қолдау бойынша институционалдық шаралар қабылданды.

Тұрғын үй сатып алу, салу үшін немесе ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін экономикалық ұтқырлық сертификаты тұрғын үй құнының 50%-ы немесе бір отбасына 4,28 млн теңгеге дейін мөлшерінде біржолғы өтеусіз және қайтарымсыз негізде енгізілді.

Еске сала кетсек, 2023 жылдан бастап пилоттық режимде Қазақстан елшіліктері арқылы «бір терезе» қағидаты бойынша қандас мәртебесін беру тетігі іске асырылады. Пилоттық жоба шеңберінде елімізге бару, жұмыс орны, тұрғын үй беру мүмкіндіктері туралы мәселені шешуге және республика аумағына кірмей-ақ қандас мәртебесін алуға болады. Бүгінде этникалық қазақтардан жаңа форматта 7 518 өтініш қабылданды.

Фото: интернеттен

Байланысты жаналықтар

Қор нарығында доллар қымбаттады

03.05.2024

Алдағы күндері елімізде күн қайта суытады

03.05.2024

«Қазақстан ұнамаса көшіп кетіңдер»: Тик-Ток блогері ел ішін арандатушыларға шүйлікті

03.05.2024

Қазақстанда заманауи газ өңдеу өнеркәсібі құрылады

03.05.2024

Су тасқыны: Үкімет тұрғындардың коммуналдық төлемін кейінге шегерді

03.05.2024

Көркем гимнастикадан әлем чемпионатында екі қазақстандық финалға шықты

02.05.2024
MalimBlocks
Қор нарығында доллар қымбаттады

Ұлттық банктің ресми бағамы — 1 долларға 443,37теңге.

Алдағы күндері елімізде күн қайта суытады

Мұның себебі – қысым өрістерінің жылдам өзгеруі.

«Қазақстан ұнамаса көшіп кетіңдер»: Тик-Ток блогері ел ішін арандатушыларға шүйлікті

Қазақстанда орыстарды жек көрушілер пайда бола бастады.

Қазақстанда заманауи газ өңдеу өнеркәсібі құрылады

Энергетика министрлігіне газ саласының табыстылығын әрі қарай арттыру жөнінде тапсырмалар берілді.

Су тасқыны: Үкімет тұрғындардың коммуналдық төлемін кейінге шегерді

Су тасқынынан зардап шеккен тұтынушылардың тізімін (абоненттік нөмірлер) жергілікті атқарушы органдар, яғни, әкімдер жасайды.

Көркем гимнастикадан әлем чемпионатында екі қазақстандық финалға шықты

Бұл додада Қазақстан намысын 8 спортшы қорғап жатыр.