Әлнұр Ілияшевке сот үкімі шықты

Malim Админ

  • 22.06.2020

Бүгін "Төтенше жағдайда жалған ақпарат таратты" деген айып тағылған азаматтық белсенді Әлнұр Ілияшевке сот үкімі шықты.

Судья Залина Махарадзе Әлнұр Ілияшевті Қылмыстық кодекстің 274-бабы 4-бөлімі бойынша айыпты деп танып, 3 жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесті. Сондай-ақ ол жаза мерзімі аяқталғанша жылына 100 сағат қоғамдық жұмыстарға тартылады. Сондай-ақ ол уәкілетті мемлекеттік органға хабарламай, тұрғылықты жер мен жұмысты ауыстыра алмайды.

Ә.Ілияшевтің тәртібін жаза мерзімі аяқталғанша пробация қызметі бақылайды. Сонымен қатар Ә.Ілияшев сот үкім бойынша, бес жыл бойы қоғамдық және саяси қызметпен айналыса алмайды.

Судья белсенді бас бостандығын шектеу жазасынан жалтарса, бас бостандығын шектеу жазасы бас бостандығынан айыру жазасына өзгертілетінін ескертті.

"Сот үкімін түсіндіңіз бе? Кінәңіз дәлелденді. Балаларыңыз бар болғандықтан және осы уақытқа дейін сотталмағаныңызды ескеріп, жазаны жеңілдеттік" деді судья З.Махарадзе.

"Одан да түрмеде қалсам бола ма? Барлық мүмкіндіктен айырдыңыз", - деді Ә.Ілияшев.

Ә.Ілияшев сот процесі кезінде өзіне тағылған кінәні мойындамаған.

Белсенді Әлнұр Ілияшев 17 сәуір күні "төтенше жағдай кезінде жалған ақпарат таратты" деген күдікпен ұсталған. Алматы қалалық полиция департаменті «күдікті жұртты әдейі жаңылыстыратын ақпарат таратты, полицияның ескертуіне құлақ аспады. Ол тіпті ар-намыс пен іскерлік беделді қорғау ісі бойынша өткен соттан да тиісті қорытынды жасамады. Сот үкімі бойынша, Ілияшев бұрын таратқан ақпаратты теріске шығаруға міндетті еді», – деп хабарлады.

Халықаралық құқық қорғау ұйымдары Қазақстан билігінен Әлнұр Ілияшевті қамаудан босатып, қылмыстық істі тоқтатуға шақырған.

Байланысты жаналықтар

Қазақстан тергеу изоляторында отырған бір күдікті үшін айына 750 мың теңге жұмсайды

04.05.2024

Қуандық Бишімбаевтың соты жалғасып жатыр (ТІКЕЛЕЙ ТРАНСЛЯЦИЯ)

04.05.2024

Павлодар облысында шенеуніктер 89 млн теңгеден астам қаржыны жымқырған

04.05.2024

«АрселорМиттал Теміртау» компаниясы заңгерінің өліміне қатысты іс қайта қаралады

04.05.2024

Жетісу облысында оқушы қызды зорлады деген айыппен мұғалім сотталды

03.05.2024

Қуандық Бишімбаевтың соты жалғасып жатыр (ТІКЕЛЕЙ ТРАНСЛЯЦИЯ)

03.05.2024
MalimBlocks
Қазақстан тергеу изоляторында отырған бір күдікті үшін айына 750 мың теңге жұмсайды

Қазір үй қамақтағы күдіктілерге электронды білезік қолдану тәжірибесі көбейіп келеді.

Қуандық Бишімбаевтың соты жалғасып жатыр (ТІКЕЛЕЙ ТРАНСЛЯЦИЯ)

Сотта жәбірленушілердің қорғаушылары сөйлеп жатыр.

Павлодар облысында шенеуніктер 89 млн теңгеден астам қаржыны жымқырған

Сотталушылардың кінәсі куәлардың айғақтарымен, құжаттамалық және заттай дәлелдемелермен, сондай-ақ сараптамалық қорытындылармен дәлелденген.

«АрселорМиттал Теміртау» компаниясы заңгерінің өліміне қатысты іс қайта қаралады

Бұл туралы Қарағанды облыстық сотының баспасөз қызметі мәлім етті.

Жетісу облысында оқушы қызды зорлады деген айыппен мұғалім сотталды

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Қуандық Бишімбаевтың соты жалғасып жатыр (ТІКЕЛЕЙ ТРАНСЛЯЦИЯ)

Бүгін сотта айыпталушылардың қорғаушылары сөз сөйлейді.