«Ақ жол»: Жасырын дауыспен Тоқаев жеңді

Президент сайлауы қарсаңындағы комедиялық қойылымдар басталып кетті

  • 06.10.2022
"Ақ жол" партиясының төрағасы А.Перуашев бір топ депутаттар арасында / Көрнекі сурет: Malim.kz

«Ақ жол» демократиялық партиясы президент сайлауында Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын қолдайды.

Партияның кезектен тыс ХІХ съезінде президент сайлауына қатысуға Мәжіліс депутаты Серік Ерубаев, жетісулық журналист Сандуғаш Дүйсенова және «Ақ жолдың» Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы Асқар Садықов ниет білдірген.

Ақыры  партия мүшелері Тоқаевқа тоқтапты. 

Жасырын дауыс беру нәтижесінде Сандуғаш Дүйсенованы 11 адам, Серік Ерубаевты – 23, Асқар Садықовты 17 адам қолдаған. Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын 74 адам  құптайтынын білдірді. 

Партия төрағасы сыртқы саясатта түрлі сын-қатерлер барын,  одан елімізді Тоқаев қана сақтап қалатынын айтты. Перуашев партияның көзқарасын қазіргі президентпен үндестіріп отыр.  

Еске салайық, «Ақ жол» партиясының атынан 2019 жылғы Президент сайлауына Дания Еспаева қатысқан.  Ол сол кезде «өз жеңісіме сенімдімін» деп Тоқаевпен бірге бақ сынап көрген. Оңбай жеңілген соң ба екен, бұл жолы Еспаева Тоқаевты қолдаушылар арасында отыр. 

Байланысты жаналықтар

Мемлекет басшысы Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен бейресми кездесу өткізді

05.04.2024

Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей халқына қайғырып көңіл айтты

23.03.2024

Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеудегі терактқа қатысты пікір білдірді

22.03.2024

Тоқаев жұмыс сапарымен Алматы қаласына барды

20.03.2024

Президенттің бес жылы: Не өзгерді?

20.03.2024

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді құттықтады

18.03.2024
MalimBlocks
Мемлекет басшысы Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен бейресми кездесу өткізді

Екі ел басшылары өңірлік күн тәртібін талқылап, халықаралық құрылымдар аясындағы өзара ықпалдастық мәселелерін қарастырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей халқына қайғырып көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеудегі терактқа қатысты пікір білдірді

Тоқаев жұмыс сапарымен Алматы қаласына барды

Президенттің бес жылы: Не өзгерді?

Осы уақыт аралығында қандай маңызды шешім қабылданды?

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді құттықтады

Бұл туралы Ақорда хабарлады.