Атырауда сәләфилік мектеп заңсыз жұмыс істеп тұр  

Сәләфиттер Қазақстан мектептеріндегі зайырлы форматта оқытуға үзілді-кесілді қарсы

Malim Админ

  • 12.09.2022

Қаладағы бұл оқу орны «Ұлттық әйелдер мектебі» деп аталады. Онда қыздар хиджаб пен  арабтың ұлттық киімдерін киеді. Бұл туралы блогер Нұргүл Мұқышева жазды.

Нұргүл Мұқышеваның айтуынша, бұл сәләфилік оқу орнының негізін салушылар сәләфиттік идеологияны кеңінен насихаттап жүрген түркіменстандық Есбосын Асан мен Розиев Мұрат. Есбосын Асан Балғабайұлы ҚР Қылмыстық кодексінің 194-бабы «Бопсалау» бойынша айыпты деп танылып, адвокаттық лицензиясынан айырылған.

Өздеріңіз білетіндей, сәләфиттер Қазақстан мектептеріндегі зайырлы форматта оқытуға үзілді-кесілді қарсы. Мен Қазақстан Республикасының Білім министрінен осы мемлекеттік емес «сәләфиттік  әйелдер мектебіне» лицензия бермеуді және оны дереу жабуды сұраймын, – деп келтіреді AtPress порталы қоғам белсендісінің сөзін.

Полиция департаменті білім беруді ұйымдастыруға қатысты ақпаратты Атырау облысының Білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету басқармасы тексеретінін, қылмыстық құқық бұзушылық анықталса, материалдарды құқық қорғау органдарына жіберетінін айтты.

Жаңа білім беру ұйымдарына лицензия беру Атырау облысының білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету басқармасының құзыретіне жатады. «Қазақ ұлттық әйелдер мектебі» Ұлттық білім беру деректер базасында (ҚҰБҚ) тіркелген, бірақ лицензия туралы мәлімет жоқ. Бүгінде Атырауда 14 жеке білім беру ұйымы тіркелген, онда 2070 бала білім алуда, оның 76-сы Қазақ ұлттық әйелдер мектебінде, – деді қалалық Білім басқармасындағы дереккөз.

Білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету басқармасы басшысының міндетін атқарушы Бердібек Тайышевтің айтуынша, бұл жеке ұйым уәкілетті органдардан лицензия алмаған, осы мәліметтер негізінде тексеріс жүргізіліп жатыр.

Фото ашық дереккөзден алынды 

Байланысты жаналықтар

25 мамырда «Соңғы қоңырау» іс-шарасы өтеді: Оқу-ағарту министрі үндеу жолдады

30.04.2024

Абай облысында әкімдік жерге қатысты заңсыз қаулы шығарған

25.04.2024

Жайық өзенінің деңгейі күн сайын көтеріліп жатыр

25.04.2024

Атырауда ер адам егіз баласын зорлады деген күдікке ілінді

25.04.2024

Жайық өзеніне келіп жатқан су деңгейінің төмендеуі байқалады

23.04.2024

Атырауда жағалаудағы үйлердің тұрғындары дамбы құрылысына кедергі келтіріп жатыр

18.04.2024
MalimBlocks
25 мамырда «Соңғы қоңырау» іс-шарасы өтеді: Оқу-ағарту министрі үндеу жолдады

Мамыр айында «Ынтымақ айы» айлығын өткізу жоспарланған.

Абай облысында әкімдік жерге қатысты заңсыз қаулы шығарған

Жер заңдарының нормаларына сәйкес, жайылым алқаптары жеке меншiкке пайдалануға берiлмейдi.

Жайық өзенінің деңгейі күн сайын көтеріліп жатыр

Атырау қаласы гидропостындағы су деңгейі 425 см.

Атырауда ер адам егіз баласын зорлады деген күдікке ілінді

Балалар бәрінен қорқып, түсініксіз суреттер сала бастаған...

Жайық өзеніне келіп жатқан су деңгейінің төмендеуі байқалады

Мамандар БҚО-да су тасқынының шарықтау шегі кезінде су деңгейі күрт көтерілмейді деп болжап отыр.

Атырауда жағалаудағы үйлердің тұрғындары дамбы құрылысына кедергі келтіріп жатыр

Жайық өзені жағалауын бекіту жұмыстары жүргізіліп жатыр.