Атыраудағы жер дауы: "Шекара бағандарын әкетіп жатыр"

Malim Админ

  • 19.04.2021

Ресеймен екі ортадағы шекара сымын кері шегіндіруден кейін дау шыққан Атырау облысына қарасты Көптоғай ауылындағы қазіргі ахуал қандай? Осы және өзге де сұрақтарға жауап алу мақсатында бүгін ауыл тұрғындарымен тілдесіп көруді жөн санадық.

Көптоғай ауылының тұрғыны Дамир Аймашевтің айтуынша, қазіргі уақытта ауылға қарай жылжытылған шекара қоршауын шекарашылар қайтадан жинап әкеткен. Ол ресейліктер де жердің кімге тиісілі екенін білмейтін сияқты деп топшылайды. Себебі олар да Қазақстанмен қатар қойған бағандарын қазып алып кеткен.

«Шекарашылар қойылған шекара қоршауларын алып кетті. Ресей жағы да қойған бағаналарын қазып әкетіп жатыр. Екі ортада бір столб бар. Сол жер даулы аймақ сияқты. Олар да бұл жер кімге тиесілі екенін білмейтін сияқты. Әйтпесе бағандарын ауыстырып не істейді?.. Бұған дейін Бесарал деген шабындық жеріміз Ресейдің аумағына өтіп кеткен. Бірақ ол кезде бұндай дау шыққан жоқ. Ол уақытта ауыл жастары қалаға жұмыс іздеп тентіреп кетсе, қарттар балаларымды қалай оқытамын деп жүрген. Сол себепті де ол сұраусыз қалған...», - дейді Аймашев.

Дамир Аймашевтың сөзінше, осы уақытқа дейін шекарашылар ауыл халқымен кездесу өткізіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізбеген. Оның орнына көз қылып, жергілікті әкімдікте істейтін 4-5 әйелмен кездесу өткізген.

«Халыққа ешқандай түсіндіру болған жоқ. Түсіндіру жұмыстары жүргізілді дейді. Бірақ олар халықпен кездестік деп, әкімдікте жұмыс істейтін 4-5 әйелмен кездесу өткізген, болды. Қазір аудан және облыстан адамдар келіп, жиналыс өткізгелі жатыр. Соны күтіп отырмыз. Олар бізге 2005 жылғы Қазақстан мен Ресей арасындағы келісімді алға тартайын деп отыр. Барлығы осы кездесуден кейін белгілі болады», -дейді Аймашев.

Сәуірдің 14-і күні Атырау облысы мен Ресейдің Астрахан облысының шекарасында жер дауы шыққан. Құрманғазы ауданына қарасты Көптоғай ауылының халқы Қиғаш өзенінің Ресей аумағына өтіп кеткеніне қарсы шығып, бұл әлеуметтік желі мен БАҚ-та қызу талқыланған. Осыдан кейін аудан әкімі Марат Мұрзиев «шекара жұмыстары жүргізілмес бұрын, 13 сәуірде әкімдік, шекара қызметі және құқық қорғау органдарының өкілдері Көптоғай ауылының тұрғындарымен кездесіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізгенін» айтқан.

Байланысты жаналықтар

Елімізде Жасанды интеллект және инновацияларды дамыту комитеті құрылды

04.05.2024

Қазақстан тергеу изоляторында отырған бір күдікті үшін айына 750 мың теңге жұмсайды

04.05.2024

Ресей Қазақстан үшін қант экспортына шектеу енгізді

04.05.2024

Елімізде 1 шілдеден бастап дәрі-дәрмек қымбаттауы мүмкін

04.05.2024

Қор нарығында доллар қымбаттады

03.05.2024

Алдағы күндері елімізде күн қайта суытады

03.05.2024
MalimBlocks
Елімізде Жасанды интеллект және инновацияларды дамыту комитеті құрылды

Қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан тергеу изоляторында отырған бір күдікті үшін айына 750 мың теңге жұмсайды

Қазір үй қамақтағы күдіктілерге электронды білезік қолдану тәжірибесі көбейіп келеді.

Ресей Қазақстан үшін қант экспортына шектеу енгізді

Бұл туралы РФ Үкіметінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Елімізде 1 шілдеден бастап дәрі-дәрмек қымбаттауы мүмкін

Қазақстанда фармацевтикалық препараттардың құны соңғы бір жылда 11 пайызға өскен.

Қор нарығында доллар қымбаттады

Ұлттық банктің ресми бағамы — 1 долларға 443,37теңге.

Алдағы күндері елімізде күн қайта суытады

Мұның себебі – қысым өрістерінің жылдам өзгеруі.