Белсенділер бас прокурордың қызметтен кетуін талап етті  

«Діни экстремистік ұйымдардың мүшелері» деп айыптағанына наразы

Malim Админ

  • 23.01.2023

Қоғам белсенділері бас прокурор Берік Асыловтың  қызметінен кетуін талап етті. Олар бүгін  Алматы қаласының прокуратурасына арнайы барып, уәжін айтты. 

Белсенділер елде заңдылықтың сақталуын қадағалайтын органның басшысы Берік Асылов мұғалім Қалас Нұрпейісов пен журналист Әйгерім Тілеужанды «діни экстремистік ұйымдардың мүшелері» деп айыптағанына наразы.  «Соты болмай, үкім шықпай тұрып екеуі жайлы мәжіліс қабырғасында, депутаттардың алдында айтқаны арқамызға аяздай батты. Бұл – прокурордың өзінің заңды өрескел бұзғаны, сол үшін оның қызметінен кетуін талап етеміз»,- деді  журналист Думан Мұхаммедкәрім.  

Айта кетейік, азаматтар  20 қаңтарда «Бас прокурор Берік Асылов қызметінен кетсін» деген онлайн петиция жариялаған. Қазір оған қол қоюшылар саны  130-дан асыпты.  Қалалық прокуратура маңына жиналғандар сол жерден де қол жинады.  

Белсенді Арайлым Назарованың айтуынша,  осы жерге жиналған 30-дан астам адам қол қойған. «Онлайн петиция сәл қиындау, электронды пошта арқылы, Facebook арқылы тіркелу керек. Сондай шарттарына байланысты онлайн қол қоюшылар саны әзірiе аса көп емес. Бірақ барлық азаматтық қоғам бұл петицияны қолдап жатыр».     

Белсенділер петицияны президент әкімшілігіне пошта арқылы және электронды өтініш түрінде жолдайтынын жеткізді. Олармен сөйлесуге прокуратура тарапынан  ешкім шыққан жоқ.

Журналист Әйгерім Тілеужан мен мұғалім Қалас Нұрпейісов Қаңтар оқиғасы байланысты «Әуежайды басып алмақ болды» деген күдікке ілінген.  Әйгерім Тілеужан да, Нұрпейісов те сол күні әуежайға барғанын мойындаған, бірақ тергеу таққан айыптарды жоққа шығарды.Қазақстан Конституциясында  «адамның кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша, ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептеледі»,- деп көрсетілген.        

Байланысты жаналықтар

«Мақтауға әбден лайық». Айжан Аймағанова Бишімбаев қылмысын ашқан маңызды адамды атады

15.05.2024

Құлсарыда су тасқынынан зардап шеккен тұрғындар баспана шығынын өтеуді талап етіп, алаңға жиналды

03.05.2024

Прокурор «қыз зорлады» деп айыпталған полиция бастығын 12 жылға соттауды сұрады

30.04.2024

«Сені қарғаймын!»: Сотталушы Байжанов Бишімбаевтан қысым көргенін айтты

11.04.2024

«Пайдалы болуға тырысамын»: Прокурор Айжан Аймағанова Instagram парақшасын ашты

06.04.2024

Бишімбаев ісіндегі прокурордың желідегі «парақшасы» көп оқырман жинай бастады

05.04.2024
MalimBlocks
«Мақтауға әбден лайық». Айжан Аймағанова Бишімбаев қылмысын ашқан маңызды адамды атады

Бишімбаев ісіндегі прокурорлар мен адвокаттар көптің алғысын алып жатыр.

Құлсарыда су тасқынынан зардап шеккен тұрғындар баспана шығынын өтеуді талап етіп, алаңға жиналды

Олар тікелей эфирде Тоқаевқа үндеу жолдап, алаңға өз үнін оған жеткізу үшін бейбіт түрде жиналып жатқанын алға тартты.

Прокурор «қыз зорлады» деп айыпталған полиция бастығын 12 жылға соттауды сұрады

Ол облыс орталығының 27 жастағы тұрғынын зорлады деген күдікпен ұсталған болатын.

«Сені қарғаймын!»: Сотталушы Байжанов Бишімбаевтан қысым көргенін айтты

Қуандық Бишімбаевтың адвокаттары бұл сөздің рас-өтірігін тексеру үшін жазылған аудиожазбаны тыңдап, тексеруді ұсынды.

«Пайдалы болуға тырысамын»: Прокурор Айжан Аймағанова Instagram парақшасын ашты

Бұған дейін оның атынан жалған парақшалар ашылып, ондағы жазылушылар саны көбейген еді.

Бишімбаев ісіндегі прокурордың желідегі «парақшасы» көп оқырман жинай бастады

Онда сот процесі видеоларының үзінділері және мемлекеттік айыптаушының жеке суреттері жарияланған.