Бронежилетті әкім: Күршім ауданы соғысқа дайындалып жатыр ма?

Есдәулет Қызырбекұлы

  • 25.02.2021

Коронавирус пандемиясы ушығып, халық дәрі таппай жатқан уақытта Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының әкімі Қажанов Дулат бронежилет сатып алған.

Кеше kent_vko парақшасында Күршім ауданы әкімінің аппараты 1 000 000 теңгеге бронежилет сатып алғандығы жөнінде ақпарат жарияланды. Онда пост авторы мемлекеттік сатып алулар порталындағы хабарландыруға сілтеме жасап, «аудан әкімі атысқа дайындалып жатыр ма?» деп жазды. «Ай мен күннің аманында аудан әкімдігі кіммен атыспақшы?» деген сұрақ біздің де қызығушылығымызды оятты. Осыдан кейін, біз де мемлекеттік сатып алулар порталына кіріп, ақпараттың растығына көз жеткізуді жөн көрдік.

 

Мемлекеттік сатып алулар порталында Күршім ауданы әкімінің аппараты 2020 ж. 07. 23 мен 2020 ж. 07. 30 аралығында шын мәнінде 1 000 000 теңгеге 20 дана бронежилет сатып алғаны жөнінде хабарландыру жарияланған. Аталмыш мемелекеттік сатып алудың «№4675664-ЗЦП1 қорытынды хаттамасында» №32987812-ЗЦП2 лотты  «DJ Invest» компаниясы жеңіп алғаны жөнінде айтылған. «DJ Invest»-тен бөлек, лотқа «ЖК Интымакова Б.Ж», «SYNERGY INC» ЖШС және «TEST» ЖШС компаниялары қатысқан. Соңғысы екінші орын алған.

Порталда «DJ Invest»-тің басшысы Жинтимирова Жанар Тулеповна, компания мекенжайы Алматы қаласы, Розыбакиев 117/21 деп көрсетілген.

«DJ Invest» бұған дейін мемлекеттік сатып алуларға бірнеше рет қатысқан. Оның қызмет көрсету аясы алуан түрлі. Ол «мүгедектерге арналған коляска-креслодан» бастап, «өрт сөндіргіш», «трамвайларға арналған қосалқы бөлшектерге» дейінгі аралықтағы лоттарға қатысқан. Және барлығында жеңіске жеткен.

Күршім ауданының әкімі коронавирус пандемиясы өршіп, дәрі таппай, не істерін білмеген халықты індеттен бронежилет алу арқылы қорғаймын деді ме, жоқ әлде вируспен соғысқа осылайша дайындалды ма бізге әзірге белгісіз. Кейде «әлемдегі геосаяси жағдай ушығып тұрған уақытта шекаралық ауданды басқару қауіпті болғасын, әкім ешнәрсеге қарамастан, бірден 20 дана бронежилет алды ма екен» деген де ой келеді миымызға. Әрине, бұның барлығы жай ой ғана. Неде болса, 2020 жылдың шілдесінен бері Күршім ауданында бронежилет асынған 20 адам бар...

Байланысты жаналықтар

Солтүстік Қазақстан облысы қайың тұқымын жарты миллиард теңгеге сатып алмақ

30.04.2024

Мамыр айының алғашқы күндері ауа райы қандай болады

30.04.2024

Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады

29.04.2024

Алматыдағы ІІМ-ге қарасты аумақ депутаттың меншігіне өтіп кеткен

29.04.2024

Алматыда бойжеткенді зорланған күзетшіге сот үкімі шықты

29.04.2024

Алматыда мәйітхана күзетшісі өлген адамдарды зорлаған

29.04.2024
MalimBlocks
Солтүстік Қазақстан облысы қайың тұқымын жарты миллиард теңгеге сатып алмақ

Конкурсқа өтінімдерді қабылдау 24 сәуірде басталған, 12 мамырда аяқталады.

Мамыр айының алғашқы күндері ауа райы қандай болады

Республиканың солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында және орталығында түнде қар аралас жаңбыр жаууы ықтимал, күн күркіреп, оңтүстік-шығыста бұршақ жауады.

Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады

Республиканың басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен жауын-шашынды ауа райы күтіледі.

Алматыдағы ІІМ-ге қарасты аумақ депутаттың меншігіне өтіп кеткен

Осы тұста аудан әкімі тарапынан заңға қайшы әрекетке жол берілген.

Алматыда бойжеткенді зорланған күзетшіге сот үкімі шықты

Ол қызды пышақпен қорқытып, өз үйінің кіреберісінде не болып жатқанын видеоға түсірген.

Алматыда мәйітхана күзетшісі өлген адамдарды зорлаған

Оны ломбард қызметкерлері әшкерелеуге көмектескен.