Бұрынғы Ішкі істер министрі Тұрғымбаевтың үстінен қылмыстық іс қозғалды ма?  

Қазіргі Ішкі істер министрі Ержан Сәденов жауап берді.

Malim Админ

  • 20.03.2024

Ақпарат құралдарының хабарлауынша, бұрынғы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев «Қаңтар оқиғасына байланысты күдікке ілінген». Журналистер ақпаратты нақтылау үшін бүгін мәжіліске келген қазіргі Ішкі істер министрі Ержан Сәденовке сұрақ қойды. Министр жауапты қысқа қайырды. 


- Ішкі істер министрлігі бұл істі қарап жатқан жоқ. Басқа құзырлы органдар тексеріп жатыр. Сондықтан қандай іс, қандай бап бойынша екенін айта алмаймын, - деді Сәденов.  


Еске салайық, Ерлан Тұрғымбаев 2019-2022 жылдар аралығында Ішкі істер министрі қызметін атқарды.  
2023 жылдың қыркүйегінде Бас прокуратура экс-министр Ерлан Тұрғымбаевтың Қаңтар оқиғасына байланысты қылмыстық істе күдікті емес екенін хабарлаған.

 

ФОТО: ИНТЕРНЕТТЕН

Байланысты жаналықтар

Бас прокуратура үш өңірдегі су тасқынына байланысты тергеп-тексеру шараларын бастады

07.04.2024

Су тасқыны жағынан жеті облыста жағдай қиын – ТЖМ

27.03.2024

Бас прокуратура Ерлан Тұрғымбаевқа қатысты мәлімдеме жасады

20.03.2024

Ішкі істер министрі: Бишімбаев жалпы камерада отыр 

20.03.2024

Самат Әбіш шартты жазасын қалай өтейді – Министр жауабы

20.03.2024

Бас прокурор Тоқаевқа есеп берді

14.03.2024
MalimBlocks
Бас прокуратура үш өңірдегі су тасқынына байланысты тергеп-тексеру шараларын бастады

Жергілікті жерлердегі прокурорлар құқық қорғау органдарының заңдылық пен құқықтық тәртіп режимін қамтамасыз ету жөніндегі қызметін үйлестіреді.

Су тасқыны жағынан жеті облыста жағдай қиын – ТЖМ

Бас прокуратура су тасқыны жағдайы бойынша барлық мүдделі органдарды – ТЖМ, ІІМ, Экология министрлігі мен Қазгидромет өкілдерімен ведомствоаралық жедел кеңес өткізді, деп хабарлайды Malim.kz.

Бас прокуратура Ерлан Тұрғымбаевқа қатысты мәлімдеме жасады

Мәлімдемеде экс-министрден жауап алынғаны айтылған.

Ішкі істер министрі: Бишімбаев жалпы камерада отыр 

Самат Әбіш шартты жазасын қалай өтейді – Министр жауабы

Ержан Сәденов оның тұрғылықты жерінде болуы керек екенін айтты.

Бас прокурор Тоқаевқа есеп берді

Бірқатар резонанс тудырған қылмыстық іс бойынша күдіктілер ұсталып, Қазақстанға қайтарылған.