Депутаттар Смайыловқа: Ресейлік күмәнді жазба авторлары елден аластатылсын!

Ала-құла ресми ақпарат Смайыловқа онша абырой әпермейін деп тұр. Ішкі істер министрлігі Қазақстанға 200 мың ресейлік кіріп, 140 мыңы шыққан дейді. Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі қазір 350 мың ресейліктің Қазақстанда тұрып жатқанын айтқан.

  • 05.10.2022
Ә.Смайылов / Фото: primeminister.kz

Мәжіліс қабырғасында «Ақ жол» фракциясының депутаттары Қазақстан Республикасының премьер-министрі Әлихан Смайыловқа депутаттық сауал жолдап, Ресейден келіп жатқандарға қатысты шара қолдануды сұрады.

Олар қазіргі уақытта кей өңірлерде келгіншілер тарапынан арандатушы әрекеттердің болып жатқанын, Ресейден келген әскер жасындағы азаматтарды бақылауды күшейтіп, олардың Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына қалтқысыз бағынуға, тіліміз бен салт-дәстүрімізді құрметтеуге міндеттеуге шақырады. «Ақжолдықтар» Қазақстанға Ресейден көшіп келушілер үшін бейімдеу орталықтарын ашып, онда еліміздің заңдарын түсіндіріп, құқықтық кеңес берілсе дейді және қазақ тілі курстарын ашып, қазақтың салт-дәстүрі, әдет-ғұрпымен таныстыру керек деп есептейді.

Депутаттар ақпараттық қауіпсіздік мәселесіне ерекше назар аударыпты.

«Ақпараттық қауіпсіздікті қатаң бақылап, яғни, әлеуметтік желілерге, келушілердің чаттарына контент сараптама (Facebook,  Tik-Tok,   Telegram,  Instagramm,  Vkontakte, т. б.) мен мониторинг жүргізіп,  ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіретін және мемлекетіміздің жер тұтастығына, тәуелсіздігімізге күмән келтіретін жазбалардың авторларын ерекше қадағалауға алып, ондай іріткі салушыларды қатаң жауапкершілікке тартып, оларды елден шұғыл аластау қажет», - делінген депутаттық сауалда.

Депутаттар барынша жұмсартып, мәймөңкелеп баққан сөздерінің соңында әзірге шекараны дабудың мүмкін еместігін («халықаралық келісімдері кедергі»), сол себепті, қару ұстаудан бас тартқан ресейліктерді қабылдау арқылы, соғысқа қатысушылардың санын азайтып, осы арқылы бейбітшілікке үлес қосатынымызды айтыпты. Ресейліктердің Қазақстанға жаппай келуін миграциялық дағдарыс деп атаған фракция мүшелері бұл жағдай ары қарай әрқилы дамуы мүмкін деген күмән келтіреді.

«Әскер жасындағы Ресейлік азаматтардың біздің елімізге жаппай қоныс аударуы, бүгінгі посткеңестік ушыққан геосаяси жағдайда халқымызды қатты алаңдатып отыр», - деп, аймақта тұрақсыздық бар екеніне де тоқталыпты.

Айта кету керек, Ішкі істер министрлігі Ресейден 200 мың адам келген дейді, ал, 140 мың адам елімізден шыққан. Ал, Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметі бойынша, 350 000 мың ресей азаматы Қазақстанда тұрақты тұрып жатыр.

Байланысты жаналықтар

Бектенов абаттандыру туралы: Әкімдіктер шеткі аумақтарды да ұмытпауға тиіс

05.03.2024

Ауылға бөлінген қаржы игерілмейді

25.07.2023

Жоғары оқу орындары заңды жекешелендірілді ме?

17.07.2023

Коммуналдық тарифтың бағасы өседі 

12.07.2023

Ахметов кетіп, Көшербаев келді 

16.06.2023

Бұрынғы үкімет жетекшісі Асқар Мамин Өзбекстанда төбе көрсетті

13.04.2023
MalimBlocks
Бектенов абаттандыру туралы: Әкімдіктер шеткі аумақтарды да ұмытпауға тиіс

Премьер-Министр қала орталығын ғана абаттандырумен шектелмеуді тапсырды.

Ауылға бөлінген қаржы игерілмейді

Елімізде әкімдіктер «Ауыл - ел бесігі» жобасына бөлінген бюджет қаражатын тиімсіз пайдалануда,- деді үкімет отырысында Әлихан Смайылов.

Жоғары оқу орындары заңды жекешелендірілді ме?

Үкімет басшысы жоғары білім саласындағы бұрын жеке меншікке өткен кейбір активтерді мемлекет меншігіне қайтару мәселесін талқылады.

Коммуналдық тарифтың бағасы өседі 

Биыл тұрғындар үшін тарифтер 10%-дан 30%-ға дейін өседі.

Ахметов кетіп, Көшербаев келді 

Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев 9 жылға жуық Шығыс Қазақстан облысын басқарған Даниал Ахметовті қызметінен босатты. Елдің шығысындағы өңірдің жаңа әкімі болып Ресейде үш жыл елші қызметін атқарған Ермек Көшербаев тағайындалды. 

Бұрынғы үкімет жетекшісі Асқар Мамин Өзбекстанда төбе көрсетті

Асқар Мамин Қазақстан хоккейшілерін Ташкентте марапаттады