Digital форумында Қазақстан не көрсетті?

Digital Almaty форумында озық цифрлық жобалар көрмесінде цифрландыру саласындағы отандық жетістіктер көрсетілді. 

Malim Админ

  • 02.02.2024

Беларусь, Ресей, Армения және Өзбекстан үкімет басшыларына еліміздің мемлекеттік ақпарат жүйелерінде бірыңғай стандарттардың сақталуын қамтамасыз ететін Qaztech платформасы және «таза парақтан» кәсіпкерлік қызметті реттеудің цифрлық негізі таныстырылды.

Сондай-ақ Алматы қаласының цифрлық сервистері, тау-кен және металлургия кешенінде, өнеркәсіп пен энергетика секторында, оның ішінде мемлекеттік қолдау құралдары есебінен Индустрия 4.0 жобаларын енгізу нәтижелері көрсетілді. 

Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Жаннат Дүбірова республиканың өнеркәсіп кәсіпорындарында заманауи технологияларды енгізу туралы айтты.

-Индустрия 4.0 – өнеркәсіп кәсіпорындары мен жер қойнауын пайдаланушыларға цифрлық технологияларды енгізу арқылы өз шығындарын қысқартуға және өнімділігін арттыруға мүмкіндік беретін заманауи тренд. Көрмеде біз бірқатар цифрлық жобаларды жүзеге асырған тау-кен металлургия кешенінің бірнеше кәсіпорнын ұсынып отырмыз. Мемлекет қолдау шараларын көрсету арқылы Индустрия 4.0 жобаларын ілгерілету бойынша белсенді саясат жүргізуде. Бұл сондай-ақ бизнестің осындай технологияларды енгізуге жұмсаған шығындарын өтеуге қатысты. Бүгінгі таңда 183 млн теңгеден астам қаражат өтелді, бұл жұмыс жалғасуда,-деді Жаннат Дүбірова.

Бұдан бөлек, көрмеде Minerals.gov.kz жер қойнауын пайдаланушылардың бірыңғай платформасы таныстырылды. Жаннат Дүбірованың айтуынша, бұл платформа пайдалы қазбаларды барлау және өндіру лицензияларын алу процесін жеңілдетуге әрі жеделдетуге мүмкіндік береді. 

-Заманауи геоақпараттық технологиялардың арқасында болашақ инвесторлар инфрақұрылымнан бастап аумақтың геологиялық есептеріне дейін сұралған учаске туралы толық мәлімет ала алады. Мұнда ЭЦҚ-кілт көмегімен тиісті өтініш беруге болады,-дейді ол.

 Көрмеде Қазақстанда іске қосылған өнеркәсіптік роботтандыру бойынша Орталық Азиядағы бірінші құзыреттілік орталығының жұмысы да таныстырылды. Осыған орай қазақстандық және шетелдік университеттер мен IT-компаниялардың халықаралық консорциумы құрылған. Орталықтың негізгі міндеттерінің қатарында – робототехника саласында зерттеулер жүргізу, тақырыптық стартаптарды жеделдету мен масштабтауда қолдау көрсету бар.

Форумда үздік қазақстандық IT-компаниялар мен стартаптар өз жобаларын көрсетті. Олардың қатарында алақан тамырларының суреті бойынша бірегей сәйкестендіру технологиясы бар биометрия жүйесі (Alaqan Technologies), өндірістік деректерді растау жөніндегі ЖИ платформасы (Dereknet), жабдықты пайдалану мен оның беріктігін басқару жүйесі (Equipmetry), өнеркәсіп кәсіпорындарында цифрландыруды енгізу жөніндегі жоба және ақылды бейнебақылау платформасы (Omir Group), экологиялық мониторингтің автоматтандырылған жүйелері (OST Engineering) бар.

SmartView Innovations стартапының өкілі Рахат Оспанов қосынды арқылы бөліп шығару пайдалы компоненттерді өндірудің ең танымал әрі экономикалық тиімді әдістерінің бірі екенін атап өтті.

-Біздің шешіміміз - дрон қосынды арқылы бөліп шығару процесін қайта-қайта айналып өтіп, видео жазады. Әрі қарай бұл видео компьютер арқылы өңделіп, арнайы үйретілген жасанды интеллект барлық ақауды және олардың орнын анықтайды. Бұл шешім алтын өндіруді 4%-ға, аппаратшылар жұмысының тиімділігін 60%-ға арттырып, жұмысшыларға қатты химиялық заттардың әсерін 80%-ға азайтты,- дейді ол.

 OST Engineering компаниясының бас директоры Виталий Остапчук өз жобасы туралы былай деді. «Біз отандық автоматтандырылған экологиялық мониторинг жүйелерін өндірумен айналысамыз. Жаңа Экологиялық кодекстің енгізілуін ескере отырып, ірі кәсіпорындар Үкімет пен халық нақты уақыт режимінде экологиялық жағдайды бақылауға мүмкіндік беретін жүйелерді енгізуі керек. Біз 2020 жылы ашылып, қазіргі кезде үлкен нәтижелерге қол жеткіздік. Бізде атмосфералық ауаны, ластану көздеріндегі шығарындыларды және су төгінділерін бақылау жүйелері бар. Біздің жүйелер шетелдік баламалардан кем түспейді».

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасы Ростислав Коняшкинның мәліметінше, Қазақстанда мемлекеттік қызметтердің 90%-дан астамы цифрландырылған.

-Олардың саны өте көп, 1 000-нан асады. Олар тиісті қызметтерді қажет етуі мүмкін 150-ден астам өмірлік жағдай негізінде жинақталған. Мысалы, баланың тууын проактивті тіркеу кезінде анасына хабарлама немесе SMS келеді. Ол баланың аты-жөнін жазып, төлемдер жіберілетін шотты көрсетеді және Egov-тың цифрлық құжаттар бөлімінде туу туралы куәлік алады. Сондай-ақ осы жылдан бастап бүкіл ел үшін бірыңғай етіп жасалған балабақшаға кезекке қою қызметі бар. Бұл процестің ашықтығы мен қолайлылығын арттыратын үлкен жетістік,-Ростислав Коняшкин.

Ол Қазақстан цифрлық өнімдерді экспорттау бойынша белсенді түрде ілгерілеп жатқанын айтады.

-Алғашқы сәтті кейс бар. Өткен жылы Тәжікстанға электронды үкімет өнімдерін экспорттаған едік. Осы жылы кем дегенде үш елге экспорттайтынымызға сенімдіміз, қазір келіссөздер жүріп жатыр,-дейді Ростислав Коняшкин.

Байланысты жаналықтар

Мамыр айының алғашқы күндері ауа райы қандай болады

30.04.2024

Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады

29.04.2024

Алматыдағы ІІМ-ге қарасты аумақ депутаттың меншігіне өтіп кеткен

29.04.2024

Алматыда бойжеткенді зорланған күзетшіге сот үкімі шықты

29.04.2024

Алматыда мәйітхана күзетшісі өлген адамдарды зорлаған

29.04.2024

Алматыда 3 адам көз жұмған автобус апаты: жүргізушіні ұрған адам 8 жылға сотталды

26.04.2024
MalimBlocks
Мамыр айының алғашқы күндері ауа райы қандай болады

Республиканың солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында және орталығында түнде қар аралас жаңбыр жаууы ықтимал, күн күркіреп, оңтүстік-шығыста бұршақ жауады.

Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады

Республиканың басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен жауын-шашынды ауа райы күтіледі.

Алматыдағы ІІМ-ге қарасты аумақ депутаттың меншігіне өтіп кеткен

Осы тұста аудан әкімі тарапынан заңға қайшы әрекетке жол берілген.

Алматыда бойжеткенді зорланған күзетшіге сот үкімі шықты

Ол қызды пышақпен қорқытып, өз үйінің кіреберісінде не болып жатқанын видеоға түсірген.

Алматыда мәйітхана күзетшісі өлген адамдарды зорлаған

Оны ломбард қызметкерлері әшкерелеуге көмектескен.

Алматыда 3 адам көз жұмған автобус апаты: жүргізушіні ұрған адам 8 жылға сотталды

Үкім заңды күшіне енген жоқ.