Иран баспасөзі: Кетіп қуантқан президент

Қуанышбек ҚАРИ

  • 25.01.2021

Тегеран Байденнің билікке келгеніне емес, Трамптың басшылықтан кеткеніне назар аударды. Жергілікті баспасөздің бірі Трампты экс-президент Ахмадинежадқа теңеді.

20 қаңтарда Америка президенті Джо Байден президент ретіндегі алғашқы жұмысын Трамп қабылдаған алғашқы 15 жарлық пен өкімнің күшін жоюдан бастады. Соның ішінде бірнеше мұсылман елі азаматтарының АҚШ-қа кіруге енгізілген шектеуге қатысты да құжат бар. Бұл, әсіресе, Таяу Шығыстан бас сауғалап, пана іздеген мигранттарға қолайлы болды. Олардың ішінде, әлбетте, ирандықтар да бар.

ИРАННАН ҚАНДАЙ ҚАУІП БАР?

Таяу Шығыстағы билік қысымынан зардап шеккендер ғана емес, Иран тәрізді елдің ресми басшылары да Байденнің билікке келуінен өзгеріс күтетінін аңдатты. Ресми билік Трамп кезінде Америка бас тартқан ядролық бағдарлама келіссөзі қайта басталып, санкциялар босаңси ма деп үміттенеді.

2015 жылы Америка, Ұлыбритания, Германия, Франция, Ресей және Иран арасында Тегеранның ядролық келісім бекіп, сол бойынша салынған бұрынғы санкциялар біртіндеп алынып тасталу керек болатын. Алайда 2018 жылы Америка одан шығып кетіп, Иранға қарсы тағы да санкциялар жариялаған. Трамп Иранды Таяу Шығыстағы террористік топтарды қолдайды деп есептейді. Соңынан Иран да ядролық келісім шарттарын орындаудан біртіндеп бас тартатынын білдірген.

Иран президенті Хасан Рухани кезінде Барак Обамамен тікелей телефон арқылы сөйлескеннен кейін екі ел билігі біршама мәмілеге келген. Соның нәтижесінде ядролық келісім жасалған. Алайда Трамп Иранның ядролық бағдарламасын ғана емес, ғарыштық және зымырандық бағдарламасына да қарсы болып, санкцияны күшейтті. Ол Иранның Таяу Шығыстағы қарулы топтарды қолдаған, артықшыққа ие болғысы келетін үстемдік саясатын тоқтатуға әрекет қылды. Трамп былтыр Иракқа барған кезінде Иран генералы Қасым Сүлейманидің көзін жойғызған соң, ирандықтар кек алатынын да ескерткен. Содан бері екі ел арасындағы саяси конфронтация бұрынғыдан әрмен ұлғая түскен.

ИРАН ЖӘНЕ УРАН

Байден сайлауда жеңіске жеткеннен бері Иран баспасөзі ядролық келіссөздің қайта жандануы туралы айта бастады. Ал таяуда Иран 20 пайызға байытылған уранды қайтадан өндіретінін ескерткен.

20 пайызға байытылған уран ядролық қару жасауға кететін уақыт пен шығынды азайтады. Яғни, уранды осы дәрежеде байыта алған ел аз уақытта ядролық қаруға қол жеткізеді деп есептеледі. Сондықтан Иранның бұл қадамға баруы  Америка мен Израильді алаңдатпай қоймайды. Бұл - мәселенің бір жағы.

Екінші жағынан Иран 20 пайызға байытылған уранды өндіретінін жариялау арқылы да ұпайын түгендеп алғысы бар. Яғни, бұл қадамға нақты бармаса да, соны қолға аламыз деу арқылы Тегеран қарсы тарапты ымыраға мәжбүрлегісі келеді.

Сөйтіп отырып ресми Тегеран өздерінің ядролық бағдарламасы Халықаралық атом агенттігі бақылауымен жүзеге асып, тек бейбір мақсатты көздейтінін айтудан жалыққан емес.

ҮМІТТЕН КҮДІГІ БАСЫМ ТАҚЫРЫПТАР

«Посттрамп дәуірінің басталуы», «Трамп кетті», «Трампизм елесі астындағы Байденнің ұлықтауы», «Вашингтонның рахат тыныс алуы», «Байден және Американың жұмсақ күшінің жаңаруы»», «Трампты жеңген Иран Байденге берілмейді». Иран баспасөзінің 20 қаңтардан бергі тақырыптары осы сарындас болып келеді.

Иран министрлері ядролық келіссөз барысында санкциялардың алынып тасталарына үміт білдірген. Кейбір басылымдарда Америка министрлері мен Ақ үй ресми өкілінің айтқандарына да орын берілген.

«Кейхан» газетінде осы мәселе туралы көлемді шолу мақала жарияланған. Онда Еуропа Одағы саясаткерлерінің  ядролық келісім туралы көзқарастарына шолу жасалған. Басқа да басылымдарда мәлімдеме, болжам түріндегі пікірлер жарияланған.

Екі тарап та бір-бірін алдын-ала шарт қоймаса ғана келіссөзге келерін білдіріп отыр. Алайда нақты қандай тетіктер арқылы келісу керек, бұл сауалдың әзірге жауабы жоқ.

ЭКС-ПРЕЗИДЕНТТЕРДІ НЕ БІРІКТІРЕДІ?

«Шарқ» газетінде жарияланған мақала «Трампофобияның басталуы» деп аталады. Бұл – АҚШ президенттерінің Иранға қатысын қозғамаған, Тегеран саясатындағы пафостан ада бірден-бір мақала.

Газет редакторы Ахмад Ғұлами биліктен кеткен Трамптың миллиондаған жақтасқа ие болғанына назар аударады. Ол Байден мен Трампты салыстыра келіп, президенттіктен кеткен Трамптың көпшілік ортасында беделді болғанын айтады. Газет Байденді «ақылды, парасатты адам» деп бейнелейді. Бірақ ол Трамп сияқты беделге ие емес. «Егер Байден өнімді іс жасамаса, уақыт оның пайдасына жұмыс істемейді» дейді мақала авторы.

Автор Дональд Трампты Иранның экс-президенті Махмұд Ахмадинежадпен де салыстырған. Оның Трамптан айырмашылығы – екі рет (4 жылдан - 8 жыл) президент болуында. Мақала авторының жазуынша, егер Ахмадинежад екінші мерзімге сайланбағанда, ол жол берген шығынның алдын бөгеуге болатын еді. «Мұның бәрі Ахмадинежадты өзімбілемдікке жетеледі» дейді мақала авторы.

Байденнің жұмысқа шыққан күні-ақ Трамп бұйрықтарының күшін жоюы алдыңғы әкімшіліктің кемшілігін түгендеудегі әрекет деп бағалайды «Шарқ» газеті.

Ахмадинежад президент кезінде «Холокост» оқиғасын жоққа шығаруымен танылған. Ол халықаралық ортада жағымсыз саясаткер ретінде есте қалды. Одан кейін президент болып сайланған Хасан Рухани кезінде ядролық келісім бекіді. Алайда Рухани кезінде Иран ең ауыр санкцияларға да ұшырады. Пандемия салдары да Руханидың саяси ұпайын азайта түсті. Иранда биыл президент сайлауы өтпек. Екі рет президент болған Рухани бұл сайлауға қатыса алмайды.

Байланысты жаналықтар

Ұлыбритания Украинаға 500 миллион фунт стерлинг пен ең ірі әскери көмек пакетін береді

23.04.2024

Сыртқы істер министрлігі Таяу Шығыстағы ахуалға қатысты мәлімдеме жасады

15.04.2024

Қазақстан қиын-қыстау кезеңде Ресеймен бірге  - Тоқаев

26.03.2024

Алматы әуежайында екі шетелдік жалған құжаттармен ұсталды

06.03.2024

АҚШ-та тұратын қазақ: Қазақстанда пәтерге көшіп жүруден шаршайды

23.10.2023

Түрмедегі Гүлнараның шетелдегі үш үйі тәркіленді

09.08.2023
MalimBlocks
Ұлыбритания Украинаға 500 миллион фунт стерлинг пен ең ірі әскери көмек пакетін береді

BBC хабарлауынша, мұндай шешім қабылданғаны туралы Ұлыбритания премьер-министрі Риши Сунак 24 сәуірге жоспарланған Польшаға сапары барысында мәлімдемек.

Сыртқы істер министрлігі Таяу Шығыстағы ахуалға қатысты мәлімдеме жасады

Жексенбіге қараған түні Иран Израильге дрон және қанатты зымырандармен жаппай соққы жасады.

Қазақстан қиын-қыстау кезеңде Ресеймен бірге  - Тоқаев

Кездесу барысында сауда-экономикалық ықпалдастық мәселелері қарастырылған.

Алматы әуежайында екі шетелдік жалған құжаттармен ұсталды

Шетелдік азаматтар депортацияланды.

АҚШ-та тұратын қазақ: Қазақстанда пәтерге көшіп жүруден шаршайды

Америкада қазақтың тепсе темір үзетін азаматтары жүр

Түрмедегі Гүлнараның шетелдегі үш үйі тәркіленді

Гүлнара Каримованың Лондондағы ең қымбат аудан болып саналатын Белгравиядағы екі пәтері және Суррей графтығындағы зәулім сарайы тәркіленді.