Келесі Президент Ата заңды  өзгерте  ала ма? 

Депутаттар «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» заң қабылдады

Malim Админ

  • 16.09.2022

Тоқаевтан кейінгі Президент Ата заңға өзгерту енгізе ала ма? Бұл сұраққа Әділет министрі Қанат Мусин жауап берді

Парламент палаталарының бірлескен отырысынан кейін БАҚ өкілдері министрден: «Келесі Президент Конституцияға өзгерту енгізе ала ма?» деп сұрақ қойды.

«Конституцияда Конституцияны «неше рет өзгертуге болады, қашан өзгертуге болады» деген норма жоқ. Ол қоғамның дамуына байланысты. Сондықтан, әрине өзгерту енгізуге болады», - дейді министр Мусин.

Сонымен қатар ол мемлекетті басқаратын келесі адам президенттік мандатының мерзімін және бір рет қана сайлану құқығына қатысты норманы өзгерте алмайтынын баса айтты.

Айта кетейік, бүгін депутаттар «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» заң қабылдады. 

  Осыған сәйкес, Президенттің мандаты қайта сайлану мүмкіндігінсіз бір мерзімге шектеліп, жеті жыл мерзімге ұзартылады; Нұр-Сұлтан қаласының атауы қайтадан Астана болып өзгереді; Конституциялық Сот судьяларының өкілеттік мерзімі 8 жылға дейін ұлғайтылады.

Байланысты жаналықтар

Биыл мамырда қазақстандықтар қанша күн демалады

26.04.2024

Найзағай, жаңбыр, бұршақ: Синоптиктер ескерту жасады

24.04.2024

«Қазақстан министрлігінің өкілі мақтаған»: TikTok мәлімдеме жасады

24.04.2024

Еліміздегі су тасқынын бақылап отыруға арналған ресурс іске қосылды

24.04.2024

Қазақстанда қанша мигрант жұмыс істеп жүр

24.04.2024

ТЖМ су тасқынына қатысты соңғы деректерді жария етті

23.04.2024
MalimBlocks
Биыл мамырда қазақстандықтар қанша күн демалады

Бұл айда елімізде үш мереке тойланады.

Найзағай, жаңбыр, бұршақ: Синоптиктер ескерту жасады

Бұл туралы «Қазгидромет» мәлімдеді.

«Қазақстан министрлігінің өкілі мақтаған»: TikTok мәлімдеме жасады

Ол платформа пайдаланушыларының қауіпсіздігі мен әл-ауқатын қамтамасыз ететіндерін айтты.

Еліміздегі су тасқынын бақылап отыруға арналған ресурс іске қосылды

Онда мемлекеттік қолдау шаралары туралы барлық дерек, жедел есептер, соңғы жаңалықтар, лауазымды тұлғалардың мәлімдемелері, министрліктер мен әкімдіктердің хабарламалары мүмкіндігінше тез жаңартылып, толықтырылатын болады.

Қазақстанда қанша мигрант жұмыс істеп жүр

Еңбек мигранттары келетін негізгі елдер: Қытай — 4 011 адам (29,6%), Өзбекстан — 1 577 адам (11,6%), Үндістан — 1 187 адам (8,7%), Түркия — 1 058 адам (7,8%).

ТЖМ су тасқынына қатысты соңғы деректерді жария етті

Жұмылдырылған күштер мен құралдар қапшықтарды төсеу, қорғау бөгеттерін салу және су басқан аумақтан су сору жұмыстарын жалғастыруда.