Маска режимі қайта оралуы мүмкін  

Ауру жұқтырғандар саны тәулігіне 100 адамға дейін жетіп отыр

Malim Админ

  • 30.06.2022

Елімізде карантиндік шектеу шаралары қайтадан күшейтілуі мүмкін. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов айтты. Ол  коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында   осы жағдайды талқылайтынын жеткізді.

 «Әзірге жағдай күрделенген жоқ. Алайда науқастар  көбейетін болса, маска тағу режиміне қайта оралуымыз мүмкін», - деді Ералы Тоғжанов. Ол мұндай шешімді коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия қабылдайтынын ескертті. «Қазір ауру жұқтырғандар саны тәулігіне 100 адамға дейін жетіп отыр, сондықтан мәселе жоқ емес. Карантиндік шараларды күшейту мәселесін ведомствоаралық комиссияның отырысында көтереміз. Тек маска тағу жөнінде емес, жалпы шаралар туралы», - деп мәлімдеді ол. Осы орайда вице-премьер қазақстандықтарға коронавирусқа қарсы вакцинацияның қаншалықты маңызды екенін тағы да еске салды. 

Соңғы мәліметтерге сүйенсек, 627 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр. КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында 5 адамның жағдайы ауыр. 

Байланысты жаналықтар

COVID-19: Вакцинаның өлім тудыратыны рас па

03.04.2024

QazVac. Тоғжанов не дейді, Ғиният не дейді?

28.07.2022

Қазақстан «сары» аймаққа көшсе Үкімет қандай шара қабылдайды?  

01.07.2022

Әшімбаев арызын Аймағамбетовтің орнына Тоғжанов тыңдады

26.05.2022

Денсаулық сақтау министрі жаңа болжамын жариялады

12.01.2022

Жақын күндері “омикрон” келеді деп күтіп отырмыз - Бабақұмаров

23.12.2021
MalimBlocks
COVID-19: Вакцинаның өлім тудыратыны рас па

Қазнетте Covid-19 вакцинасының өлімге әкелетін вирусты қолдану арқылы жасалғаны туралы видео тарап жатыр, деп хабарлайды Malim.kz.

QazVac. Тоғжанов не дейді, Ғиният не дейді?

"Тоқаевтың тапсырмасымен жасалып жатқаны" баса айтылатын қазақстандық вакцина Тоғжанов айтқандай 43 елге тарай ма?

Қазақстан «сары» аймаққа көшсе Үкімет қандай шара қабылдайды?  

Маусымның ортасынан бастап коронавирус жұқтырғандар саны  артқан

Әшімбаев арызын Аймағамбетовтің орнына Тоғжанов тыңдады

Сенат спикері Мәулен Әшімбаев палата отырысы кезінде қазақстандық жас мамандардың дайындық сапасына күмәнмен қарайтынын және бұл мәселені тез арада шешу керегін айтты.

Денсаулық сақтау министрі жаңа болжамын жариялады

Жақын күндері “омикрон” келеді деп күтіп отырмыз - Бабақұмаров