Мемлекет басшысы Түркия Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады
Түркияның тау шаңғы курортындағы өрттен қаза тапқандар саны 76-ға жетті
Қасым-Жомарт Тоқаев жеделхатта Болу провинциясында орналасқан Карталкая тау шаңғысы орталығында болған өрт салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын жеткізді. Бұл туралы Ақорда мәлім етті, - деп хабарлайды Malim.kz.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы Қазақстан халқының және өзінің атынан Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған мен жақындарынан айырылған отбасыларға, сондай-ақ бауырлас түрік халқына көңіл айтып, зардап шеккендердің тез арада сауығып кетуіне тілектестік білдірді.
Айта кетейік, Түркияның тау шаңғы курортындағы өрттен қаза тапқандар саны 76-ға жетті.
Еске салайық, Түркияның Болудағы Карталкая тау шаңғысы курортындағы өртке байланысты ауыр қайғыны бастан кешуде. Өрт құрбандарының көп болуына байланысты 22 қаңтар елде жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды.
Фото: Ақорда