Назарбаев Араб Әмірліктерінде жүр ме?
Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаев Біріккен Араб Әмірліктерінде бой көрсеткен.
Бұл туралы Orda.kz сайты жазды.
Сайт хабарлауынша, Назарбаевтың университетке келгенін сол жерде оқитын қазақстандық студенттер айтқан. Бір топ студент Назарбаевқа суретке түсуге ұсыныс жасапты. Бұрынғы президент бірден келіскен көрінеді.
Еске сала кетейік, бұған дейін Нұрсұлтан Назарбаев 2023-жылы желтоқсанда «Astana club» пікірталас алаңында жұрт алдына шыққан.
Фото: Orda.kz