Қаңтар оқиғасы.  Терроризмге қатысты 8 қылмыстық іс тергеліп жатыр   

Тәртіпсіздіктерге қатысуға көндірген және тонау әрекетін жасаған

Malim Админ

  • 30.06.2022

Қаңтардағы жаппай тәртіпсіздіктер бойынша 58 және терроризм актілеріне қатысты 8 қылмыстық іс бар. Бұл жөнінде ҚР Бас прокуратурасының өкілі  Елдос Қилымжанов айтты.  

«Қиратулар, мемлекеттік объектілерді өртеу, мүліктерді жою және терроризм актілері Алматы, Шымкент қалаларында, Ақтөбе, Атырау, Алматы, Жамбыл, Қызылорда және Шығыс Қазақстан облыстарында жасалғаны белгілі. Сол қайғылы күндері қылмыскерлер әскерилерге шабуыл жасап, жолдың жүру бөлігін жауып, автокөліктерді өртеп, азаматтарды тәртіпсіздіктерге қатысуға көндірген және тонау әрекетін жасаған», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.  

Оның айтуынша, қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуді бұғаттау үшін олар полиция органдарының ғимараттарына шабуыл  жасады. «Бүгінгі күні арнайы прокурорлардың іс жүргізуінде жаппай тәртіпсіздіктер бойынша 58 және терроризм актілерімен 8 қылмыстық іс бар. Аяқталуына қарай істер сотқа жолдануда», - деді Қилымжанов.   

Байланысты жаналықтар

Қазақстан тергеу изоляторында отырған бір күдікті үшін айына 750 мың теңге жұмсайды

04.05.2024

Діни-экстремистік ұйым ұйымдастырып, терроризмді насихаттағандар сотталды

30.04.2024

ТЖМ Алматыда 30 мыңға жуық тұрғынның өміріне қауіп төніп тұрғанын мәлімдеді

12.04.2024

Қазақстандағы су тасқыны: Су қоймаларына жауапты шенеуніктер тергеліп жатыр

11.04.2024

Бас прокуратура үш өңірдегі су тасқынына байланысты тергеп-тексеру шараларын бастады

07.04.2024

Балаларды құлдықта ұстаған әйел қамауға алынды

19.02.2024
MalimBlocks
Қазақстан тергеу изоляторында отырған бір күдікті үшін айына 750 мың теңге жұмсайды

Қазір үй қамақтағы күдіктілерге электронды білезік қолдану тәжірибесі көбейіп келеді.

Діни-экстремистік ұйым ұйымдастырып, терроризмді насихаттағандар сотталды

Сотталушылар жанындағыларға идеологияны таратып, зайырлы өмір салтына және конституциялық құрылымға жек көрініштік тудырған.

ТЖМ Алматыда 30 мыңға жуық тұрғынның өміріне қауіп төніп тұрғанын мәлімдеді

Мердігер ұйымның жауапты тұлғаларына қатысты бюджет қаражатын ұрлау бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

Қазақстандағы су тасқыны: Су қоймаларына жауапты шенеуніктер тергеліп жатыр

Бұл туралы Қаржы мониторинг агенттігінің ресми өкілі Әлібек Әбділов орталық коммуникациялық қызметінде өткен брифингте айтты.

Бас прокуратура үш өңірдегі су тасқынына байланысты тергеп-тексеру шараларын бастады

Жергілікті жерлердегі прокурорлар құқық қорғау органдарының заңдылық пен құқықтық тәртіп режимін қамтамасыз ету жөніндегі қызметін үйлестіреді.

Балаларды құлдықта ұстаған әйел қамауға алынды

Ол қазір уақытша ұстау изоляторында