Қазір еліміздің 158 азаматы Африка және Таяу Шығыс аймағында бітімгерлік қызметте жүр

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық бітімгерлік контингентінің әскери қызметшілерімен кездесті

Сұлу Бөлек

  • 14.04.2025

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық бітімгерлік контингентінің әскери қызметшілерімен кездесті, - деп хабарлайды Мalim.kz тілшісі.  

Ақорда мәліметінше, қазір еліміздің 158 азаматы Африка және Таяу Шығыс аймағында бітімгерлік қызметте жүр.

Болашақта Біріккен Ұлттар Ұйымы аясында өтіп жатқан басқа да миссияларға қатысуды жоспарлап отырмыз. Осылайша, Қазақстан жер жүзіндегі бейбітшілік пен келісімді нығайтуға белсенді түрде атсалыса бермек.

"Қарулы күштер – еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігінің басты тіректерінің бірі. Ең алдымен, сарбаздары мен офицерлерінің рухы асқақ, кәсіби деңгейі жоғары, жауынгерлік машығы мінсіз, тәртіп пен тазалықты мүлтіксіз сақтайтын әскер қуатты болады. Армия – қайсарлыққа баулитын, жігерді жанитын нағыз мектеп. Сіздер азаматтық борыш пен әскери антқа адалдық танытып, шынайы патриотизмнің үлгісін көрсеттіңіздер. Мінсіз қызметтеріңіз өскелең ұрпаққа өнеге. Мемлекет басшысы ретінде мен қауіпсіздік және құқық қорғау саласына әрдайым айрықша көңіл бөлемін. Жақында Ақордада арнаулы жасақтар арасындағы беделді халықаралық жарыстан жүлдемен оралған күштік құрылым қызметкерлерін марапаттадық. Жалпы, әскери бөлімдер мен күштік құрылымдардың беделі мен даярлық деңгейі едәуір өсті. Құқық қорғау және арнаулы органдар қылмыспен күресте, терроризм мен есірткі бизнесінің жолына тосқауыл қоюда тиімділігін көрсетіп келеді. Алайда босаңсуға мүлде болмайды. Алдымызда мемлекетіміздің қорғаныс қабілетін нығайту міндеті тұр", – деді Мемлекет басшысы.

Президент Қазақстан өмір сүруге қолайлы және қауіпсіз ел болуға тиіс деп санайды. Бұл үшін мемлекет тарапынан барлық қажетті шара қабылданып жатыр.

"Заң мен тәртіп", отаншылдық пен жауапкершілік – әскери қызметшілерге ғана емес, еліміздің барлық азаматтарына ортақ аса маңызды құндылықтар. Осы жасампаз қасиеттер қоғамда жан-жақты дәріптелуге тиіс. Себебі біз қазір бәріміз бір ел болып Әділетті, Қауіпсіз және Қуатты Қазақстанды құрып жатырмыз", – деді Мемлекет басшысы.

Фото: Ақорда

Байланысты жаналықтар

Тоқаев бір топ әскери қызметшіні наградалармен марапаттады

14.04.2025

Трамптың арнайы өкілі Путинмен кездесуі мүмкін - БАҚ

11.04.2025

Мемлекет басшысы Сербия президентімен телефон арқылы сөйлесті

07.04.2025

АҚШ-та Трампқа импичмент жариялау ұсынылды

06.04.2025

Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ёль қызметінен түпкілікті шеттетілді

04.04.2025

Тоқаев Өзбекстанға барды

04.04.2025
MalimBlocks
Тоқаев бір топ әскери қызметшіні наградалармен марапаттады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бір топ әскери қызметшіні мемлекеттік наградалармен марапаттады

Трамптың арнайы өкілі Путинмен кездесуі мүмкін - БАҚ

Трамптың арнайы өкілі Стив Уиткофф Ресей президенті Владимир Путинмен кездесуі мүмкін

Мемлекет басшысы Сербия президентімен телефон арқылы сөйлесті

Мемлекет басшысы Сербия президенті Александр Вучичпен телефон арқылы сөйлесті

АҚШ-та Трампқа импичмент жариялау ұсынылды

АҚШ-тың демократ-конгрессмені Эл Грин қазіргі президент Дональд Трампқа импичмент жариялау рәсімін бастауды ұсынды

Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ёль қызметінен түпкілікті шеттетілді

Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ёль елде әскери жағдай енгізуге тырысқаннан кейін төрт ай өткен соң Конституциялық сот оның импичментін қолдап, мемлекет басшысын қызметінен түпкілікті шеттетті

Тоқаев Өзбекстанға барды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстанға барды