«Сейсмостанцияны музейге де қабылдамайды»: Депутат сейсмология институтының жағдайына алаңдаушылық білдірді

Айтуынша, институт бейшараның күнін көріп отыр.

Malim Админ

  • 06.03.2024

Бүгін Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек Сейсмология институтын Ғылым және жоғары білім министрлігіне қайтаруды ұсынды. Айтуынша, институт бейшараның күнін көріп отыр.

«Дүйсенбі күні Алматыда жер сілкінісі болды. Кеше мен сейсмология институтының ғылыми қызметкерлерімен кездестім. Іс жүзінде сейсмология институнының қызметкерлері бейшараның күнін көріп отыр. Ешқандай ғылыми жобараны қабылданбады. Ғылыми жобаны министрлікке жіберсе, олар қайтарып жібереді. Бүкіл қаржыландырудан кесіп тастады. Қажет десе, айлығын алмайды. Міне, сондай дәрежеге түсіп отыр. Ал сейсмо-станциялардың өзі қаңылтыр темір, оны музейге де қабылдамайды. Сейсмоқауіпсіздіктің қазіргі жағдайы осындай», - деді депутат.

Бақытжан Базарбектің айтуынша, сейсмология институты қазір ТЖМ қарамағында. Сейсмолог-ғалымдардың айтуынша, бұл – қате. Оны Ғылым және жоғары білім министрлігіне қайтару керек.

Ал Саясат Нұрбек институттың Ғылым және жоғары білім министрлігіне қайтарылуын құптады.

«Шын мәнінде, бірталай институтымыз уақытында салалық министрліктерге берілген. Толыққанды қаржыландыру да жоқ, біз де ішкі процедураларына, жұмысына кірісе алмаймыз. Сондықтан қайтарылса, біз қарсы болмаймыз. Бірақ биыл сейсмология институтына грант беріп отырмыз, 3,5 млрд көлемінде қаржыландыру бекітілді. Қазір олардың өтінімдерін пысықтап отырмыз. Институттың бізге берілгені – дұрыс болады. Бұл – менің жеке пікірім», - деді министр.

Байланысты жаналықтар

«Сізді әдемі өлең сияқты тыңдап отырмыз»: Депутат Саясат Нұрбектің сөз саптауына сүйсінді   

06.03.2024

Шенділер үшін өтірік жиын өткізу азарт па?

25.08.2023
MalimBlocks
«Сізді әдемі өлең сияқты тыңдап отырмыз»: Депутат Саясат Нұрбектің сөз саптауына сүйсінді   

Шенділер үшін өтірік жиын өткізу азарт па?

Депутаттар биыл жазғы ұйқыларынан ерте оянғандай.