Сенат Сарым-Закиева заңын Мәжіліске қайтарды

Бүгін Сенаттың жалпы отырысында ел арасында Сарым мен Закиеваның түзетуі деп аталып кеткен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне баланың құқықтарын қорғау, білім беру, ақпарат және ақпараттандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы екі оқылымда қаралып, жағымды өзгерістермен Мәжіліске кері қайтарылды.

Ақниет Аманжолқызы

  • 14.04.2022

Заң туралы пікір білдірген сенатор Динар Нөкетаева жобаның балалар құқық қорғап, оларды зорлық-зомбылықтан сақтауға бағытталғанын айтты. Алайда оның бұл сөзіне қатысты пікір білдірген сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев қоғамдағы талқылауға баса назар аудару керегін еске салды.

«Сенаторлар заң жобасынан уәкілетті органға өз қалауы бойынша интернет-ресурстардың, әлеуметтік желілер мен мессенджерлердің қолжетімділігін шектеуге не жұмысын тоқтата тұруға мүмкіндік беретін өкілеттіктерді алып тастады. Соған сәйкес онлайн-платформалардың өкілдерімен өзара іс-қимыл кезінде балаға қатысты кибербуллинг деп танылған ақпаратты ғана жоюға мән берілді. Мұндай тәртіп балаларға қатысты кибербуллинг фактілеріне жедел назар аудару мен қоғамның ақпаратқа деген сұранысы арасындағы теңгерімді ортаны табуға мүмкіндік береді деп сенеміз. Біздіңше, мұндай қадам «Жаңа Қазақстан» тұжырымдамасына және Мемлекет басшысының бастамасымен елімізде жүргізіліп жатқан саяси реформалардың мазмұнына сай келеді», – деді Әшімбаев.

Демек, Ақпарат министрлігі өз қалауы бойынша интернет-ресурстар, әлеуметтік желілер мен мессенджерлер жұмысын шектей алмайды. Министрліктің құзыретіне тек балаларға қатысты кибербуллинг деп танылған ақпаратты жою ғана енді.

Ал балаларға қатысты кибербуллингтің қандай болатынын мемлекеттік органдар емес, арнайы сарапшылар тобы шешуі тиіс.

Өзгеріс енгізілген заң жобасы Мәжіліс қарауына қайта жіберілді.

Байланысты жаналықтар

Иракта бір жыныстылар қарым-қатынасы үшін жазаланатын болады

29.04.2024

Букмекерлік кеңсеге барған адамның бет-бейнесі бақылауға алынады

22.04.2024

Ақбөкендерді атуға енді рұқсат етілмейді

22.04.2024

Мәжіліс «Масс-медиа туралы» заңды қабылдады

17.04.2024

Президент жұртшылық қызу талқылаған заңға қол қойды

15.04.2024

Сенат әйелін ұратындарға қатысты жазаны күшейтетін заңды мақұлдады

11.04.2024
MalimBlocks
Иракта бір жыныстылар қарым-қатынасы үшін жазаланатын болады

Олар 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылатын болады.

Букмекерлік кеңсеге барған адамның бет-бейнесі бақылауға алынады

Яғни, бәс тігер алдында ойыншы бейне-биометрикалық идентификациядан өтуі тиіс.

Ақбөкендерді атуға енді рұқсат етілмейді

Болжам бойынша, былтырғы төлді ескере отырып, ақбөкендердің саны шамамен 2,5-2,6 млн бас болды.

Мәжіліс «Масс-медиа туралы» заңды қабылдады

Құжатты таныстырған Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжан заң жобасын әзірлеп, пысықтауға белсенді қатысқан қоғам мүшелеріне алғыс білдірді.

Президент жұртшылық қызу талқылаған заңға қол қойды

Тоқаев 2023 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына арнаған Жолдауында әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылық үшін жазаны қатаңдатуды тапсырған болатын.

Сенат әйелін ұратындарға қатысты жазаны күшейтетін заңды мақұлдады

Заң жобасы екінші оқылымда қаралады.