Тоқаев министрге апаттан қираған тұрғын үйлерді тез арада қалпына келтіруді тапсырды

Мемлекет басшысына құрылыс саласының жай-күйі туралы мәлімет берілді.

Malim Админ

  • 08.04.2024

Президентке өнеркәсіптік даму, геология, жер қойнауын пайдалану және құрылыс салаларындағы жұмыстың нәтижесі мен алдағы кезеңге арналған жоспары жөнінде баяндалды, деп хабарлайды Malim.kz.

Министр биылғы қаңтар-ақпан айларында Қазақстанның өңдеу өнеркәсібіндегі өсім 7,4 пайызды құрағанын жеткізді. Өндіріс көлемін ұлғайтуда машина жасау, металлургия, химия және жеңіл өнеркәсіп сияқты салалардың үлесі зор. Жалпы құны 1,5 триллион теңге болатын 180 жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Соның арқасында 17,8 мың жұмыс орны ашылмақ.

Мемлекет басшысына құрылыс саласының жай-күйі туралы мәлімет берілді. Былтыр 157 мың тұрғын үй салынған. Биыл 172 мың тұрғын үй салу көзделіп отыр. Сондай-ақ жалға берілетін 22 мың тұрғын үйдің құрылысына мемлекеттен 300 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінген. «Отбасы банкі» арқылы қаржыландыру көлемі 300 миллиард теңгені құрайтын бағдарлама іске қосылады. Бұл ел азаматтарына 12 мың ипотекалық займ беруге септігін тигізеді.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа жер қойнауын пайдалану құқығын беруге қатысты аукциондарды электронды форматта өткізу үшін E-Qazyna.kz цифрлық платформасының іске қосылғаны жайында баяндалды. Бұл бастама процестің ашықтығы мен қолжетімділігін едәуір арттырды. Аукциондарға Rio Tinto және Fortescue сияқты әлемдік ірі компаниялардың қатысуы Қазақстанның ресурстарға бай кен орындарын зерттеуге мүмкіндік беретін бәсекенің арта түскенін көрсетеді.

Президентке министрліктің су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсету жөніндегі негізгі жоспары таныстырылды. Қазіргі уақытта су басқан өңірлерде жаңа тұрғын үй салу үшін жобалық-сметалық құжаттаманың құнын бекіту жұмыстары аяқталып келеді.  

Қасым-Жомарт Тоқаев апаттан қираған тұрғын үйлерді тез арада қалпына келтіруді тапсырды.

Фото: Ақорда

Байланысты жаналықтар

Президент «Астана» халықаралық қаржы орталығының басшысы қабылдады

02.05.2024

Су тасқыны: 43 мыңнан астам қазақстандық үйлеріне оралды

02.05.2024

Жайық өзенінде су деңгейі айтарлықтай көтерілді

02.05.2024

Құлсарыда 300-ден астам үй су астында қалған

02.05.2024

Президент Қазақстан халқын Бірлік күні мерекесімен құттықтады

01.05.2024

Тоқаев Сауд Арабиясының Королін құттықтады

30.04.2024
MalimBlocks
Президент «Астана» халықаралық қаржы орталығының басшысы қабылдады

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.

Су тасқыны: 43 мыңнан астам қазақстандық үйлеріне оралды

7710 жеке тұрғын үй мен 2844 аула аумақтарынан су бұрылды.

Жайық өзенінде су деңгейі айтарлықтай көтерілді

Мамандардың айтуынша, су деңгейінің көтерілуі күтілуде.

Құлсарыда 300-ден астам үй су астында қалған

Жұмыс тәулік бойы жалғасып жатыр.

Президент Қазақстан халқын Бірлік күні мерекесімен құттықтады

Бұл – татулық пен тыныштықтың, тұрақтылық пен бейбітшіліктің символы саналатын мерейлі мереке.

Тоқаев Сауд Арабиясының Королін құттықтады

Президент Сауд Арабиясының Короліне мол бақыт және ұзақ ғұмыр, ал бауырлас сауд халқына құт-береке тіледі.