Тоқаев Өзбекстан Президенті мен халқына су тасқыны кезінде көмек көрсеткені үшін алғыс айтты

Сонымен қатар мемлекеттер басшылары аймақтық және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.

Malim Админ

  • 23.04.2024

Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің бірқатар өңірінде болған су тасқынына байланысты тілеулестік танытып, көмек көрсеткені үшін Шавкат Мирзиёевке және бауырлас Өзбекстан халқына алғыс айтты, деп хабарлайды Malim.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президенттер қазақ-өзбек стратегиялық серіктестігін одан әрі нығайту, сондай-ақ бұған дейін қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру мәселелерін талқылады. Тараптар екіжақты қатынастар мен өңірлік деңгейдегі кооперацияның қарқынды дамып келе жатқанына назар аударды.

Сонымен қатар мемлекеттер басшылары аймақтық және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.

Фото: Ақорда

Байланысты жаналықтар

Қор нарығында доллар қымбаттады

03.05.2024

Алдағы күндері елімізде күн қайта суытады

03.05.2024

«Қазақстан ұнамаса көшіп кетіңдер»: Тик-Ток блогері ел ішін арандатушыларға шүйлікті

03.05.2024

Қазақстанда заманауи газ өңдеу өнеркәсібі құрылады

03.05.2024

Президентке әскери ұшақтар мен тікұшақтардың жаңа үлгілері таныстырылды

03.05.2024

Тоқаев Ұлттық ұлан авиабазасының ашылу рәсіміне қатысты

03.05.2024
MalimBlocks
Қор нарығында доллар қымбаттады

Ұлттық банктің ресми бағамы — 1 долларға 443,37теңге.

Алдағы күндері елімізде күн қайта суытады

Мұның себебі – қысым өрістерінің жылдам өзгеруі.

«Қазақстан ұнамаса көшіп кетіңдер»: Тик-Ток блогері ел ішін арандатушыларға шүйлікті

Қазақстанда орыстарды жек көрушілер пайда бола бастады.

Қазақстанда заманауи газ өңдеу өнеркәсібі құрылады

Энергетика министрлігіне газ саласының табыстылығын әрі қарай арттыру жөнінде тапсырмалар берілді.

Президентке әскери ұшақтар мен тікұшақтардың жаңа үлгілері таныстырылды

Тоқаев авиабазадағы бірқатар инфрақұрылымдық нысанды аралап көрді.

Тоқаев Ұлттық ұлан авиабазасының ашылу рәсіміне қатысты

Президент еліміздің бірқатар өңірінде болған алапат тасқынға қарсы күресте сарбаздардың алдыңғы шептен табылып, антқа адал болудың озық үлгісін көрсеткеніне тоқталды.