Трамп Американың Украинаға берген қаржысының есебін сұрай бастады

Malim Админ

  • 20.02.2025

АҚШ президенті Дональд Трамп Украинаға бағытталған қаржылық көмектің қайда жұмсалғанын тексеруді талап етті. Бұл туралы www.dw.com сайты жазды.

Ол Вашингтонның Украинаға берген көмегі туралы мәлімдеп, Украинаның Ресей агрессиясына қарсы АҚШ берген қаржылай қолдады тексеруді ұсынды. Сонымен қатар, Трамп Украинада сайлау өткізудің қажеттілігін тағы да айтты.

Трамп 20 ақпанда Майамиде инвестициялық форумда сөйлеген сөзінде:

«Біз сайлау өткізе алмаймыз, оны өте жақсы білесіздер. Бірақ сайлау өткізу керек, дәл сол сияқты барлық ақшаның қайда кеткенін анықтау керек. Өйткені ол (Украина президенті Владимир Зеленский – авт.) айтқандай, ақшаның жартысы жоғалып кетті, қайда кеткенін білмейді», – деп мәлімдеді.

Осыған орай, бірқатар беделді Батыс басылымдары, айталық, британдық The Guardian және америкалық CNN телеарнасы Трамптың Украинаға бөлінген қаржының мақсатсыз жұмсалғаны туралы айыптауларын теріске шығаратын фактчек жариялауда.

Зеленский не дейді?

Трамптың Украинаға бөлінген қаржыны жұмсау туралы айтқан пікірі Владимир Зеленскийдің 2 ақпанда «AP» агенттігіне берген сұхбатында айтқандарына байланысты шығып отыр. Сол кезде Украина президенті АҚШ саясаткерлерінен «Украинаға 177 миллиард доллар көмек бергенін» естігенін айтқан болатын.

«Мен бұл ақшалардың қайда кеткенін білмеймін, мүмкін бұл шынымен де қағазда бар шығар, мүмкін жүздеген әртүрлі бағдарламалар бар шығар, біз оған қарсы емеспіз, бәріне рахмет. Бірақ президент ретінде айтарым, біз 70 миллиардтан астам доллар алдық, бұл үлкен көмек, бірақ бұл 200 миллиард емес», – деген еді Зеленский.

Трамптың Зеленскийге қатысты сыны

Сол сұхбатта Трамп өзінің әкімшілігі Ресеймен «тамаша қарым-қатынас орнатып жатқанын» айтты.

«Біз Ресеймен не нәрсе жасайтынымызды түсінеміз, біз жасағанды жасауға Зеленский қабілетсіз болды. Біз Ресеймен келісім жасай алатын едік, келісім миллиондаған адамның өмірін сақтап қалуға мүмкіндік береді», – деді АҚШ президенті.

Трамп бұған дейін Владимир Зеленскийді «сайлаусыз диктатор» деп айыптап, оның Украинада өте төмен рейтингке ие екенін айтқан еді. Алайда соңғы сауалнамалар бұл мәлімдемені растамайды.

19 ақпанда журналистің Ресейдің болашақта келіссөз жүргізетініне сенесіз бе деген сұрағына Трамп былай деп жауап берді: «Сенемін. Менің ойымша, ресейліктер соғыстың аяқталғанын қалайды. Бірақ менің ойымша, Ресейде біршама жақсы карталар бар, – деп қосты ол. – Білесіздер, олар көптеген территорияны басып алды, сондықтан карталары әлдеқайда жақсы».

Фото: Kevin Lamarque/REUTERS

Байланысты жаналықтар

Мұсаев: Трамп КСРО агенті

20.02.2025

Путин мен Трамп осы айдың ішінде кездесуі мүмкін

19.02.2025

Трамп соғыстың өршуіне Зеленскийді кінәлады

19.02.2025

Нұрлан имам Дональд Трамппен бірге таңғы ас ішті

07.02.2025

АҚШ-та трансгендер спортшыларға әйелдер жарысына қатысуға тыйым салынды

06.02.2025

«Заң мен тәртіп болмаса, еркіндік те, әлеует те жоқ». Трамп пен Тоқаевтың сөзі ұқсас шықты

21.01.2025
MalimBlocks
Мұсаев: Трамп КСРО агенті

Путин мен Трамп осы айдың ішінде кездесуі мүмкін

Трамп соғыстың өршуіне Зеленскийді кінәлады

АҚШ президенті Украинада сайлау өткізу қажеттігін қайталап, бұл сайлау ел президенті Владимир Зеленскийдің жағдайын заңдастыруы тиіс деп мәлімдеді.

Нұрлан имам Дональд Трамппен бірге таңғы ас ішті

Имам АҚШ-қа арнайы шақыртылған

АҚШ-та трансгендер спортшыларға әйелдер жарысына қатысуға тыйым салынды

Трамп тиісті жарлыққа қол қойды.

«Заң мен тәртіп болмаса, еркіндік те, әлеует те жоқ». Трамп пен Тоқаевтың сөзі ұқсас шықты