Ұсталған шенеунік: Ноғаевпен сыйыспадым

Malim Админ

  • 22.09.2020

10 қыркүйек күні жемқорлық бойынша айыпталып, қамауға алынған Атырау облысы әкімінің бұрынғы бірінші орынбасары Нұрлан Таубаев өзінің айыпталуына байланысты түсінік берді. Таубаевтың түсініктемесін оның адвокаты Игорь Вранчев фейбук парақшасында жариялады.

Жазбасында Таубаев өзінің қалай ұсталғанын жазады. Оның айтуынша, тергеушілер оған ештеңе түсіндірместен алып кеткен. Ұзақ уақыт Атырау қаласында басшылық қызметтерде болғанын айтқан Нұрлан Бақтыбайұлы Атырау қаласы әкімінің орынбасары кезінде атқарған жұмыстарын жазған. Қаланы гүлдендіруге, газдандыруға сіңірген еңбектерін айтқан Таубаев сол кездегі облыс әкімі Нұрлан Ноғаев өзіне орынбасар ретінде шақырып, негізгі бағыттарға жетекшілік етуді тапсырғанын жазған.

«Менің тәжірибемді көрген Атырау облысының бұрынғы әкімі Н. Ноғаев мені орынбасарлыққа шақырып, негізгі бағыттардың бәрін басқаруға берді.

Түркістан қаласындағы музейдің құрлысына, Арыс қаласындағы қираған үйлерді қайта жөндеуде жасаған жұмыстарды айтпай кете алмаймын. Сол жұмысым үшін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың, премьер-министрдің, Түркістан облысы әкімінің алғысын алдым.

Н. Ноғаевпен ары қарай жұмыс істесе алмадым. Өйткені негізгі позицияларда онымен келіспейтін тұстарым болды. Ол туралы келесі постта айтамын.

Ноғаевпен түсінісе алмағанымның ақырында 2019 жылы қыркүйекте отставкаға кетуге арыз жаздым. Ал 2020 жылдың мамырында Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметіне шақырылдым.

Пандемия өршіп жатқан кезде ешкімге оңай болған жоқ. Облыстағы негізгі ауруханалардың бас дәрігерлері жиі ауысты. Дәрі-дәрмектер алынды. Соңғы дерек бойынша 700-ден астам медқызметкер коронавируспен ауырған. Тез арада денсаулық сақтау жүйесінде кадрлық өзгерістер жасауға тура келді. Ал облыстың денсаулық сақтау жағдайы неге ондай күйге түскенін әкімшіліктен емес, тиісті органдардан сұрау керек», - деп жазған Таубаев.

Ол әділдікке жету үшін тоқтамайтынын айтады. «Бұл істің артында кім тұрғанын да білемін. Өзімнің кінәсіздігімді дәлелдеймін. Тіпті, президентке дейін барамын» деп сөзін аяқтайды.

Атырау облысының әкімі болған Нұрлан Ноғаев 2019 жылдың желтоқсанында Қазақстанның энергетика министрі болып тағайындалған еді.

Байланысты жаналықтар

Жайық өзенінде су деңгейі тағы да көтеріліп жатыр

03.05.2024

Құлсарыда су тасқынынан зардап шеккен тұрғындар баспана шығынын өтеуді талап етіп, алаңға жиналды

03.05.2024

Жайық өзенінде су деңгейі айтарлықтай көтерілді

02.05.2024

Құлсарыда 300-ден астам үй су астында қалған

02.05.2024

«Күн сайын Жайық өзенінің су деңгейі көтеріліп келеді»: Бектенов жедел кеңес өткізді

29.04.2024

Жайық өзенінде су деңгейі тағы көтерілді

29.04.2024
MalimBlocks
Жайық өзенінде су деңгейі тағы да көтеріліп жатыр

Бұл туралы Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы өкілдері мәлімдеді. 

Құлсарыда су тасқынынан зардап шеккен тұрғындар баспана шығынын өтеуді талап етіп, алаңға жиналды

Олар тікелей эфирде Тоқаевқа үндеу жолдап, алаңға өз үнін оған жеткізу үшін бейбіт түрде жиналып жатқанын алға тартты.

Жайық өзенінде су деңгейі айтарлықтай көтерілді

Мамандардың айтуынша, су деңгейінің көтерілуі күтілуде.

Құлсарыда 300-ден астам үй су астында қалған

Жұмыс тәулік бойы жалғасып жатыр.

«Күн сайын Жайық өзенінің су деңгейі көтеріліп келеді»: Бектенов жедел кеңес өткізді

Қауіпті белгіге дейін шамамен 100 сантиметр қалды.

Жайық өзенінде су деңгейі тағы көтерілді

Мамандар су деңгейі одан әрі көтерілуі мүмкін деп отыр.