«Жауабыңыз қабылданбайды» – Әбдіғалиұлының сөзі Смайыловқа ұнамай қалды

Бюджеттен ақшаның кешігіп түсу себебін отырыста баяндама жасаған Қуантыровтан да бір сұрай салуы керек пе еді...

Алмас НҮСІП

  • 17.01.2023
Ә.Смайылов пен Б.Әбдіғалиұлы / Malim.kz коллажы / Суреттер ашық дереккөздерден алынды

Қазақстанда бірнеше облыс «ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша 2022 жылға бөлінген бюджет қаржысын игере алмаған. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Қаржы министрі Әлібек Қуантыров мәлімдеді.

Оның айтуынша, барлығы 7,7 млрд теңге пайдаланылмай қалған.

«2022 жылы 1 мыңнан астам жобаны іске асыруға 128 млрд теңге бөлінген, олар 577 ауылдық пункттерде іске асырылған. Биылғы жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша облыс әкімдіктері 94% бюджет қаржысын игерген», - деді Қуантыров.

Қаржы игере алмай жүрген үш көшбасшы облыс – Ұлытау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстары. Аталған облыс әкімдері (Берік Әбдіғалиұлы, Нұрлан Ноғаев, Нариман Төреғалиев) ішінен премьер-министр Әлихан Смайыловтың ерекше тоқталғаны жаңа құрылған Ұлытаудың әкімі Әбдіғалиұлы болды. «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы БҚО әкімі Нариман Төреғалиев пен Ұлытау әкімі Берік Әбдіғалиұлы және Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды баяндама жасаған соң, премьер-министр Атырау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстарындағы жобаны іске асыру қарқыны жақсы екенін айтып, Ұлытау мен БҚО-ға ерекше тоқталды. Әсіресе, жаңа ашылған Ұлытауға.

Премьер осынша ақшаны игермеген әкімнен енді не істейтінін, проблеманы қалай шешетінін сұрады. Бірақ, Әбдіғалиұлы проблеманы қалай шешетінін емес, ақшаның кеш бөлінгенін айтып, ақталып кетті.

«Қаражаттың игерілмеуі ауа-райының қолайсыздығына және Қарағанды облысының шарттары бойынша міндеттемелерінің кешіктірілуі себеп болды. Төрт нысан бойынша 480 млн теңге қаражат бөлініп, 280 млн теңгесі игерілді. Құрылыс монтаждау жұмыстары орта есеппен 35 пайызға орындалды. Жобалар 2023 жылға өтпеді. Құрылысты аяқтау үшін облыстан 124 млн. теңге бөлініп, 126 млн. теңгесін Ұлттық қорға қайтару үшін өтінім дайындадық», - деді Әбдіғалиұлы.

Ұлытауда «Ауыл – ел бесігі» бойынша 4 ауылда 5 жобаны іске асыру үшін бюджеттен бөлінген 634,2 млн теңгенің 358,3 млн-ы ғана игерілген. Әкім негізгі себеп ретінде – екі облыстың бюджетін мақсатты транферттерге бөлу тамызда аяқталғанын, қыркүйекте ғана берілгенін айтты.  

Бірақ, әкімнің бұл ақталуы «Аталған өңірлердің әкімдері бұған ерекше назар аударуы қажет. Сонымен қатар іске асыру мерзімдері бойынша артта қалуға жол бермеу керек», деп, жалпылама ескерту айтып отырған Смайыловқа ұнамай қалды.

«Облыстардың бөлінуі – бюджетті игермеуге сылтау бола алмайды. Бұл өте маңызды жобалар. Ақша бөлінді, сіздің міндетіңіз – сол жобаларды іске асыру. Жауабыңыз қабылданбайды», - деді үкімет басшысы.

Әрине, бөлінген ақшаның жартысын да игере алмаған облыс әкімін ақтауға болмайды. Дегенмен, бюджеттен ақшаның кешігіп түсу себебін отырыста баяндама жасаған Қуантыровтан да бір сұрай салуы керек пе еді... Бірақ, премьер-министр Үкімет мүшесін атқарушы биліктің алдында жығып бергісі келмеді ме екен, әйтеуір, «ақша бөлінген соң жұмыс істеңдер», деген наразы көңіл-күймен сөзін аяқтай салды. Сөйтіп, ол мұндай баяндамаларда әкімдердің емес, министрлердің сөзіне көбірек ден қоятынын білдірді.  

Премьер-министр «2027 жылға қарай ауылдық елді мекендерде судың сапасы мен жолдардың жағдайы жақсарады, инженерлік желілер жөнделіп, әлеуметтік, мәдениет және спорт объектілері салынады», - деген жалпылама, болжалды сөзбен, бағдарламаның іске асырылуына жақсы баға берді.

Байланысты жаналықтар

«Әділдік және Өркендеу» қорының Маңғыстау өңіріндегі белсенділері қарттарға көмектесті

30.04.2024

«Күн сайын Жайық өзенінің су деңгейі көтеріліп келеді»: Бектенов жедел кеңес өткізді

29.04.2024

Жайық өзеніндегі су деңгейі Орал қаласы тұсында төмендеді

24.04.2024

«Президентке үндеу жаздық!»: БҚО-да үйі су астында қалған саяжай тұрғындары әкімдікке наразы

23.04.2024

Жайық өзеніне келіп жатқан су деңгейінің төмендеуі байқалады

23.04.2024

«Таза Қазақстан»: Маңғыстауда «Ыбықты-Сай» шатқалында сенбілік өтті

17.04.2024
MalimBlocks
«Әділдік және Өркендеу» қорының Маңғыстау өңіріндегі белсенділері қарттарға көмектесті

Белсенділер өз қаражаты есебінен азық-түлік сатып алды.

«Күн сайын Жайық өзенінің су деңгейі көтеріліп келеді»: Бектенов жедел кеңес өткізді

Қауіпті белгіге дейін шамамен 100 сантиметр қалды.

Жайық өзеніндегі су деңгейі Орал қаласы тұсында төмендеді

Облыстың басқа өзендерінде су деңгейінің түскені байқалады.

«Президентке үндеу жаздық!»: БҚО-да үйі су астында қалған саяжай тұрғындары әкімдікке наразы

Тұрғындар шығынды бәріне бірдей өтеуді сұрайды.

Жайық өзеніне келіп жатқан су деңгейінің төмендеуі байқалады

Мамандар БҚО-да су тасқынының шарықтау шегі кезінде су деңгейі күрт көтерілмейді деп болжап отыр.

«Таза Қазақстан»: Маңғыстауда «Ыбықты-Сай» шатқалында сенбілік өтті

Миллиондаған жыл бойы жаңбыр мен жел мүжіп, мінсіз мүсіндеген шатқалдар көркімен көз баурайды.