Жүйенің өзгеруі диктатордың қазасына байланысты ма?

Malim Админ

  • 14.04.2021

Тәжікстан басшысы Эмомали Рахмонның денсаулығы нашарлағаны хабарланды.

Соңғы уақыттары тәжікстандық тәуелсіз БАҚ пен оппозициялық саясаткерлер ел президенті Эмомали Рахмонның денсаулығы нашарлағанын жарыса жазуда. Вne.intellinews сайты Рахмонның ұзақ уақыттан бері елдің алдына шықпауы оның денсаулығына байланысты қаңқу сөздің халық арасына тарауына себеп болған. Оның үстіне бұған дейін оппозициялық саясаткер Шарофиддин Гадоев  тәжік президентінің Германияға ем алуға кеткені жөнінде мәлімдеме жасаған. Бірақ билік өкілдері Германияға барған Тәжікстан ұшағы онда Рахмонды апармағанын, ол жақтан гуманитарлық көмек алып қайтқанын айтқан. Наурыздың 21-і күні тәжік президентінің баспасөз хатшысы Абдуфаттох Шарифзода Озоди Радиосына берген сұхбатында «Эмомали Рахмонның денсаулығы жақсы екенін, баспасөз қызметі жариялап жатқан фотосуреттердің барлығы жаңа екенін» мәлімдеген.

68 жастағы Эмомали Рахмонның денсаулығына байланысты ақпараттар бұған дейін де бірнеше рет тараған. Атап айтқанда, оның Рашт ауданына барған сапарында денсаулығы нашарлағаны жөнінде 2019 жылы да айтылған. Кейіннен, 2020 жылы әлеуметтік желіде оның коронавирус жұқтырып, науқастанып қалғаны жөнінде ақпарат тараған. Жалпы, авторитар, диктаторлық елдерде өзгермейтін мемлекет басшылары төңірегінде осығандай қаңқу әңгімелердің жүруі заңдылық. Өз кезінде Өзбекстан экс-президенті Ислам Кәрімов (2016 жылы қайтыс болған) пен Түркіменстан басшысы Құрбанғұлы Бердімұхамадовтың төңірегінде де осыған ұқсас әңгімелер тараған. БАҚ-та тіпті «Ресми Ташкент Ислам Кәрімовтің қайтыс болғанын бір аптадан кейін бірақ естіртті» деген де ақпараттар шыққан. Елді 30-40 жылдап басқарған мемлекет басшыларына қатысты бұндай әңгімелер Қазақстанды да айналып өткен жоқ. Әлі күнге дейін көктем-күзде әлеуметтік желі мен БАҚ-та экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың сырқаттанып немесе қайтыс болғаны жөніндегі қаңқу сөздер ауық-ауық шығып тұрады.

Ұзақ жылдар бойы ел басқарған мемлекет басшыларының қайтыс болуы немесе сырқаттануы саяси элита мен халықты алаңдататыны белгілі. Бірақ диктаторлардың қазасына оның саяси қарсыластарының қуануының қажеті шамалы. Себебі диктатордың өлімі демократияға баратын жолдың ашылуын білдірмейді. Америкалық ғалымдар Андреа Кендралл-Тэйлор мен Эрик Франц 1946 және 2014 жылдар аралығында билік құрған әлемдегі 79 диктатордың қазасынан кейінгі қалыптасқан саяси жүйелерді зерттеген. Олар «көп жағдайда (92%) авторитарлық лидердің өлімінен кейін олардың құрған жүйесі қала береді» деген тұжырымға келген. Бұған Уго Чавес, Ким Чен Ир немесе Мелес Зенауи қазасынан кейінгі Венесуэла, Солтүстік Корея мен Эфиопия дәлел. Тіпті бұл қатарға көршілес Түркіменстанды да жатқызуға болады. Жалпы, оппозиция жекелеген адаммен ғана емес, тұтас жүйемен күресудің және өзгертудің жолын табуы қажет дейді ғалымдар...

Байланысты жаналықтар

СІМ өкілі әйелін ұрған дипломат туралы пікір білдірді

06.05.2024

БАӘ Қазақстандағы елшісінің кеңесшісі әйелін ұрып-соққан

06.05.2024

Су тасқыны: 48 945 адам өз үйіне оралды

06.05.2024

Елімізде ҰБТ-ға өтініш қабылдау басталды

06.05.2024

Елімізде Жасанды интеллект және инновацияларды дамыту комитеті құрылды

04.05.2024

Қазақстан тергеу изоляторында отырған бір күдікті үшін айына 750 мың теңге жұмсайды

04.05.2024
MalimBlocks
СІМ өкілі әйелін ұрған дипломат туралы пікір білдірді

Оның ісімен құқық қорғау органдары айналысатын болады.

БАӘ Қазақстандағы елшісінің кеңесшісі әйелін ұрып-соққан

Әйел өз видеоүндеуінде күйеуін түрмеге жабуды қалайтынын айтады.

Су тасқыны: 48 945 адам өз үйіне оралды

Республика бойынша 8 958 тұрғын үй мен 2 994 аула аумағынан судың бағыты бұрылып, су сорылды.

Елімізде ҰБТ-ға өтініш қабылдау басталды

Ведомство басшылығының шешімі бойынша, 2024 жылы талапкерлер негізгі ҰБТ-ны екі рет тапсырып, ең үздік нәтижемен грант конкурсына қатыса алады.

Елімізде Жасанды интеллект және инновацияларды дамыту комитеті құрылды

Қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан тергеу изоляторында отырған бір күдікті үшін айына 750 мың теңге жұмсайды

Қазір үй қамақтағы күдіктілерге электронды білезік қолдану тәжірибесі көбейіп келеді.