Тойға шығып, ән салып жүрген Тұрсынбектің әйелі сынға ұшырады

Әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың жұбайы Мөлдір тойға шығып, ән айтып жүр. Оның бұл әрекеті әлеуметтік желі қолданушыларының талқылауына түсті, деп хабарлайды Malim.kz.
Instagram-дағы танымал парақшалардың бірінде жүктеген видеоға қарасақ, Мөлдір Мұқанова сынның астында қалған. Оның тойда көңіл көтеріп, ән шырқаған сәті көрсетілген.
Желі қолданушылары әзілкештің әйелінің бұл әрекетіне наразылықтарын білдірген. Кейбірі тіпті енді ән айтпа деп жазған.
«Енді өлең айтпа», «Дауысы жоқ қой мүлдем» деп жазса, кей қолданушылар «Несі бар, конкурсқа қатысып жатқан жоқ қой», «Әдемі сияқты» деген пікір қалдырған.
Видеода Мөлдір Мұқанованың өзін еркін ұстап, қонақтарға ерекше көңіл-күй сыйлап жатқанын көруге болады.
Фото:Видеодан кадр
MalimBlocks
