Төреғали Төреәлінің денсаулығы сыр берді
Өнер иесі 4 қалада концерт беруі тиіс еді

Белгілі әнші Төреғали Төреәлінің 4 қалада жоспарланған концерті кейінге қалды, деп хабарлайды Malim.kz.
Бұл туралы оның әкесі Төреәлі Төлепов Instagram-дағы парақшасында айтты.
"Ассалаумағалейкум, ардақты ағайын! Қасиетті Рамазан айындағы ұстап жатқан оразаларыңыз қабыл болсын. Адам баласы бүгінгі, ертеңгі күндерінің кестесін Алламен келісім шартқа отырып қоя алмайтыны мәлім. Төреш баламыздың денсаулығына байланысты алдағы күндері жоспарлаған концерттерімізді кейінгі уақытқа шегіндірдік!
Адамның айтқаны емес, Алланың айтқаны болады деген. Алла шипасын беріп, тез сауығып, алдарыңызға жарқырап шығуын нәсіп етсін. Дұғада болыңыздар, жақсыларым! Бұлттың артыннан, күн шығары анық қой, ауырмаңыздар", - деп жазды ол.
Фото: әлеуметтік желі
MalimBlocks
