2023 жыл. Халықтың қанша пайызы жұмыспен қамтылды?

Түрлі мемлекеттік әлеуметтік көмек бағдарламалары іске асырылып, тиісті инфрақұрылымды жаңғыртуға қаржы бөлініп жатыр

Malim Админ

  • 21.12.2023

Елімізде әлеуметтік саланы қолдауға және дамытуға  басымдық беріліп келеді. Мемлекет жұмыс орындарын құру және азаматтардың жалақысын көбейту бағытында жұмыс жүргізіп келеді, түрлі мемлекеттік әлеуметтік көмек бағдарламалары іске асырылып, тиісті инфрақұрылымды жаңғыртуға қаржы бөлініп жатыр.

Мемлекет басшысы бұл жұмыстардың маңыздылығы туралы әрдайым атап өтеді.

«Әлеуметтік кепілдіктердің ағымдағы көлемі қысқармауы керек, ол шынымен мұқтаж азаматтардың пайдасына қайта бөлінуі тиіс. Мемлекет әлеуметтік жәрдемақысыз күнелте алмайтын топтарға қажетті көмек көрсететін болады. Әлеуметтік кепілдіктердің бәрі жәрдемақылар төлеуге емес, өнімді жұмыс орындарын құруға бағытталған белсенді әлеуметтік саясатқа негізделуі керек. Бұл “Жалпыға бірдей жұмыспен қамту” қағидатын іске асыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», - деген болатын Қасым-Жомарт Тоқаев.

Геосаяси тұрақсыздыққа қарамастан, республикада әлеуметтік міндеттемелердің барлығы мүлтіксіз орындалуда. Сондай-ақ бюджеттің мүмкіндігіне қарай зейнетақы, жәрдемақы және басқа да қолдау шаралары ұлғаюда.

Табыстарды арттыру, жұмысқа орналастыру және әлеуметтік сала

Биылғы 11 айдың қорытындысы бойынша өңірлік жұмыспен қамту карталары аясында 908,5 мың адам жұмысқа орналасты, оның ішінде:

- 257,1 мың – ұлттық жобаларды іске асыру барысында;

- 294,3 мың – бос жұмыс орындарына;

- 357,1 мың – Мемлекет басшысының «10 мың тұрғынға 100 жұмыс орны» бастамасы аясында.

Халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан азаматтарға бизнес ашу үшін 400 АЕК (шамамен 1,3 млн теңге) мөлшерінде 9,1 мың мемлекеттік грант берілді. Осының арқасында жаңа тігін шеберханалары, наубайханалар, сұлулық салондары, сүт өндіру және басқа да кәсіпорындар жұмыс істей бастады. 

Мемлекет субидиялайтын жұмыс орындарына  2023 жылы 196,3 мың адам жұмысқа тұрды, оның ішінде: әлеуметтік жұмыс орындарына – 17,3 мың; жастар практикасына – 33,1 мың; қоғамдық жұмыстарға – 120,7 мың; «Алғашқы жұмыс орны» жобасы бойынша – 9,6 мың; «Ұрпақтар келісімшарты» жобасы бойынша – 488; «Күміс жас» жобасы бойынша – 15,1 мың.

Сондай-ақ,жас кәсіпкерлерді қолдауға айрықша көңіл бөлінуде. Наурызда 21 жастан 35 жасқа дейінгі өз ісін бастағысы келетін немесе кәсіпкерлікпен айналысып жүрген жастар үшін 2,5% жеңілдікпен несие беру бағдарламасы іске қосылды. Нәтижесінде жалпы сомасы 25,4 млрд теңгеге 5,4 мың бизнес-жобасы мақұлданған.

Байланысты жаналықтар

Су тасқыны: Үкімет тұрғындардың коммуналдық төлемін кейінге шегерді

03.05.2024

Үкімет маусымаралық кезеңде көкөніс бағасының өсуіне жол бермеу үшін алдын ала шаралар қабылдады

02.05.2024

Кентау, Риддер және Қызылорда: Үкімет үш қалада жылу көздерін жаңғыртуға 16 млрд теңге бөлді

30.04.2024

Қырғызстанда шенеуніктерге тойға баруға тыйым салынды

25.04.2024

Тасқыннан зардап шеккендерге қосымша 553 мың теңге беріледі – Бектенов

23.04.2024

Жайық өзеніне келіп жатқан су деңгейінің төмендеуі байқалады

23.04.2024
MalimBlocks
Су тасқыны: Үкімет тұрғындардың коммуналдық төлемін кейінге шегерді

Су тасқынынан зардап шеккен тұтынушылардың тізімін (абоненттік нөмірлер) жергілікті атқарушы органдар, яғни, әкімдер жасайды.

Үкімет маусымаралық кезеңде көкөніс бағасының өсуіне жол бермеу үшін алдын ала шаралар қабылдады

Көкөністер Қазақстан нарығына «жасыл дәліз» арқылы және делдалдар мен алыпсатарларсыз тиімдірек бағамен жеткізілетін болады. 

Кентау, Риддер және Қызылорда: Үкімет үш қалада жылу көздерін жаңғыртуға 16 млрд теңге бөлді

Жоғарыда аталған барлық жобаны жүзеге асыру ортақ жиынтығы 1500 МВт-тан астам жаңа қуатты іске қосуға мүмкіндік береді.

Қырғызстанда шенеуніктерге тойға баруға тыйым салынды

Мақсат - азаматтардың әлеуметтік және экономикалық өмір сүру деңгейін арттыру, сондай-ақ, ысырапшылдықтың алдын алу.

Тасқыннан зардап шеккендерге қосымша 553 мың теңге беріледі – Бектенов

Оған адамдар тоңазытқыш, үстел, орындық, ыдыс-аяқ, киім-кешек сияқты жоғалған бірінші кезектегі қажетті заттарды сатып ала алады.

Жайық өзеніне келіп жатқан су деңгейінің төмендеуі байқалады

Мамандар БҚО-да су тасқынының шарықтау шегі кезінде су деңгейі күрт көтерілмейді деп болжап отыр.