3 тамыздан бастап жұмыс істейін нысандар тізімі

Malim Админ

  • 28.07.2020

Бүгін Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда 3 тамыздан бастап қандай нысандардың жұмыс бастауына рұқсат берілетінін айтты.

Ол үшін төмендегі нысандарда санитарлық-дезинфекциялық режим сақталып, маска кию мен әлеуметтік қашықтықты сақтау талаптары орындалуы керек. Бұл нысандар жұмысын бастау үшін апта ішінде инфекцияның таралу деңгейі тұрақталып, төсек орындар 70 пайызға босауы тиіс.

«Осындай шарттар орындалған жағдайда ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, уақыты мен күні шектеулі тәртіпте сауда желілері, жабық азық-түлік нысандары мен азық-түлік сатпайтын базарлар ашылады. Сондай-ақ, балалардың коррекция кабинеті, білім беру орталықтары, балаларды дамыту орталықтары, топтық үйірмелер (бес баладан аспауы керек) жұмыс бастайды. Балалардың мектепке дейінгі мекемелеріне де кезекші топ режимінде жұмыс істеуге рұқсат. Сән-салондары, шаштараздар, косметикалық қызмет көрсететін орталықтар мен салондар, маникюрлар мен педикюрлар (алдын ала жазылу бойынша) да ашылады», – деді министр.

Байланысты жаналықтар

Биыл мамырда қазақстандықтар қанша күн демалады

26.04.2024

Найзағай, жаңбыр, бұршақ: Синоптиктер ескерту жасады

24.04.2024

«Қазақстан министрлігінің өкілі мақтаған»: TikTok мәлімдеме жасады

24.04.2024

Еліміздегі су тасқынын бақылап отыруға арналған ресурс іске қосылды

24.04.2024

Қазақстанда қанша мигрант жұмыс істеп жүр

24.04.2024

ТЖМ су тасқынына қатысты соңғы деректерді жария етті

23.04.2024
MalimBlocks
Биыл мамырда қазақстандықтар қанша күн демалады

Бұл айда елімізде үш мереке тойланады.

Найзағай, жаңбыр, бұршақ: Синоптиктер ескерту жасады

Бұл туралы «Қазгидромет» мәлімдеді.

«Қазақстан министрлігінің өкілі мақтаған»: TikTok мәлімдеме жасады

Ол платформа пайдаланушыларының қауіпсіздігі мен әл-ауқатын қамтамасыз ететіндерін айтты.

Еліміздегі су тасқынын бақылап отыруға арналған ресурс іске қосылды

Онда мемлекеттік қолдау шаралары туралы барлық дерек, жедел есептер, соңғы жаңалықтар, лауазымды тұлғалардың мәлімдемелері, министрліктер мен әкімдіктердің хабарламалары мүмкіндігінше тез жаңартылып, толықтырылатын болады.

Қазақстанда қанша мигрант жұмыс істеп жүр

Еңбек мигранттары келетін негізгі елдер: Қытай — 4 011 адам (29,6%), Өзбекстан — 1 577 адам (11,6%), Үндістан — 1 187 адам (8,7%), Түркия — 1 058 адам (7,8%).

ТЖМ су тасқынына қатысты соңғы деректерді жария етті

Жұмылдырылған күштер мен құралдар қапшықтарды төсеу, қорғау бөгеттерін салу және су басқан аумақтан су сору жұмыстарын жалғастыруда.