Ақтаулық ақын «Өзенмұнайгазға» заңсыз жұмысқа тұрған

Ол кезекте тұрған 9000 адамнан аттап өткен

Malim Админ

  • 28.04.2023

 Жаңазенде жұмыссыз қалған мұнайшылардың талабынан кейін қаладағы «Өзенмұнайгаз» бен бірқатар сервистік компанияларда заң бұзушылықтар   анықталып жатыр. Шулы оқиғадан кейін «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ арнайы комиссия құрып, мұнайшылар қаласындағы жағдайды тексерді.      


«Өзенмұнайгаз» бен мердігер мекемелердегі жұмыстарды   тексеру кезінде шектен шыққан жағдайларды анықтап, құқықтық баға беруді көздеп отыр. Жұмыс тобының мүшелері енді қаржы-шаруашылық қызметі бағытында есеп құжаттамаларын тексереді.  

Жұмыс тобының жетекшісі Д.Хасановтың айтуынша, «Өзенмұнайгаз» компаниясында жұмыс орындарына келмеген қызметкерлерді жұмысқа орналастырған деректер анықталған. Тіпті, олардың арасында ақтаулық белгілі айтыскер ақын жұмыс кезегінде тұрған тоғыз мың адамға қарамастан, алдымен штатта теолог, кейіннен қоғаммен байланыс жөніндегі маман қызметін атқарып келген. 

«Компания штатына кезектен тыс немесе біліктілік талаптарына сәйкес келмейтін және жөндеумен айналысатын бөлімшелердің мамандықтары бойынша жеткілікті жұмыс тәжірибесі жоқ адамдарды жұмысқа қабылдау деректері бар», - деді Дәулетжан Хасанов.

Сонымен бірге, өндірістегі бірқатар жүк көліктерінің GPS деректерін уақытпен салыстырғанда сәйкес келмейтін көптеген жайттар анықталған.

«Көліктер нақты жүріп өткен уақыт аралығын табельдерде асыра көрсеткен. Тиісінше, атқарылған жұмыс үшін төлем де асыра бағаланғаны белгілі болды», -деді Д.Хасанов.

Бұдан бөлек, өндіріске қажетті жабдықты жалға алу ақысын екі есе артық етіп көрсетіп, «ақша тапқандардың» да ұрлығы ашылды. Тексеру кезінде жұмыс тобы мұнай өндіретін жабдықты жалға алу қызметі бірнеше есе жоғары бағаға көрсетілген жағдайды анықтап отыр. «Өзенмұнайгазға» сервистік қызмет көрсететін әмбебап электр орталықтан тепкіш сорғыны тәулігіне ұңғымаға 96 мың теңге бағамен жалға берген. Ал басқа мұнай өндіруші компанияның дәл осындай сорғыны жалға беру бағасы бұдан 2 есе арзан екені белгілі болды.

Мұнай саласындағы тексеру кезінде ӨМГ ұңғымаларды жөндеуге арналған 14 дана көтергіш агрегат сатып алғанымен, әлі күнге олардың тек біреуі ғана жеткізілгенін комиссия анықтап білген. Жалпы сомасы 1,5 млрд теңгеден асатын агрегаттар өткен жылдың соңына дейін толық әкелінуі тиіс болған. Ал қазір пайдалануға берілген біреуінің көптеген бөлшектерінің жоқ екені, пайдалану үшін қауіпті екені, әрі жасыру үшін тот басқан корпусы мен шассидің металл конструкциялары қара түске боялғанын ҚМГ төрағасының орынбасары жариялады.

Сонымен қоса, ӨМГ-нің кейбір мердігер ұйымдарында зейнетақы аударымдарын 2-3 айға кешіктірген жағдайларына шағым білдірген. Әрі көлік қызметін ұсынатын мердігер ұйымдардың қызметкерлері арнайы киіммен және тамақпен қамтамасыз етілмейтіні де шудың туындайтынына белгілі бір деңгейде әсер ететіні айтылды.  

«Алда жұмыс жалғасады. Бұл анықталған жергілікті бұзушылықтардың кейбір мысалы ғана. Жаңа деректер туралы біз жұртшылықты хабардар етіп отырамыз. Анықталған бұзушылықтардың әрбір тармағы бойынша құқықтық баға берілетін болады. Барлық жауаптылар құқық бұзушылықтардың ауырлығына байланысты жазаланады. Тиісті құжаттарды құқық қорғау органдарына тапсырамыз», -деді Д.Хасанов.

Ескерте кетейік, осы айдың басында Жаңаөзенде сервистік қызмет көрсететін компания қызметкерлері жұмыстан қысқарып, кейін талап қойған еді. Олар еңбек ететін компания конкурста жеңілгеніне байланысты жұмысшыларды қысқартуға мәжбүр болған. Осыдан кейін «Өзенмұнайгаз» АҚ алдында түнеп, жұмыс беруді сұраған жұмысшылар мәселе шешімін таппаған соң Астанаға барды. Энергетика министрлігі алдында өз талаптарын қойғанымен мәселе шешілген жоқ. Бірнеше рет кездесу өткеніне қарамастан олар ортақ мәмілеге келе алмады. Кейін ҚМГ жанынан құрылған комиссия Жаңаөзенге бір айға келіп, қаладағы компаниялардағы ахуалды, ішкі жағдайды тексеретінін айтқан.

Байланысты жаналықтар

«Әділдік және Өркендеу» қорының Маңғыстау өңіріндегі белсенділері қарттарға көмектесті

30.04.2024

Бүгін – жазушы Сәбит Мұқановтың туған күні

26.04.2024

Ақтауда ер адам балаларының көзінше әйелін ұрып-соққан

22.04.2024

Су тасқыны: Еріктілер Құлсары қаласындағы Жем өзенінің сағасына қап төсеп жатыр

08.04.2024

Ақтаулық спортшы қызды зорлап, өлтірді деген күдіктіге үкім шықты

05.03.2024

Мұқағали жырлары неге өміршең?!

09.02.2024
MalimBlocks
«Әділдік және Өркендеу» қорының Маңғыстау өңіріндегі белсенділері қарттарға көмектесті

Белсенділер өз қаражаты есебінен азық-түлік сатып алды.

Бүгін – жазушы Сәбит Мұқановтың туған күні

Ол қазіргі Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданындағы Жаманшұбар деген жерде дүниеге келген.

Ақтауда ер адам балаларының көзінше әйелін ұрып-соққан

Құқық қорғау органдары қызметкерлері видеодағы ер адам іздестіріліп жатқанын мәлімдеді.

Су тасқыны: Еріктілер Құлсары қаласындағы Жем өзенінің сағасына қап төсеп жатыр

Осы қап төсегеннің арқасында 5-ауыл су басудан аман қалды дейді тұрғындар.

Ақтаулық спортшы қызды зорлап, өлтірді деген күдіктіге үкім шықты

Валерияның туыстарының айтуынша, айыпталушы өз кінәсін мойындамаған.

Мұқағали жырлары неге өміршең?!

Бейне бір бағзы мен бүгіннің арасында жүргендей, шаңқай түсте ымыртқа кіргендей, қырғын-дулы ортадан қорымға тап болғандай бейдауа күйге түсесің