Аспанды жол еткен әкімдер жерге қашан түседі?

Кесене артындағы дәретханадан, үйіліп жатқан қоқыстардан... ұяттан кірерге жер таппадық

Malim Админ

  • 19.08.2023

25-шілде күні автокөлікпен Өскемен қаласынан Алматыға шықтық. Осыдан үш төрт жыл бұрын Асқар Маминнің теледидардан «Өскемен – Алматы жолы  толық бітеді» дегенін  есітіп едім. Қазір Асқар Маминнің өзі қайда, сөзі қайда? Үшаралға дейін шаң бораған жолмен әрең жеттік. Қазақтың сахара даласын көктен Күн күйдіріп, қара жер шаңға тұншығып, жол бойындағы ағаштардың жапырақтары топырақ түстес кейуана кейіпке айналған. Ары-бері тіршілік қамымен жүрген қаншама көліктер, жүргізушілер, жолаушылар  реніштерін, алғыстарын емес, қарғыстарын кімге қаратып айтып жатыр? Жолға бөлінген қаражат  әлдекімдердің жемсауына кеткен.

 Ал еліміздің Астанасы мен Алматының арасындағы жолдың қаншама жылдар болды бітетін түрі жоқ. Бұл елге адам қажет емес деген ойға еріксіз келесің. Осы бітпеген жолдарда қаншама көлік апаттары болды, қаншама адам көз жұмды. Оған кімнің жүрегі ауырар дейсің? Себебі Астанаға автокөлікпен келген әкімді кім көріпті? Олар аспанды жол еткендіктен қара жердің үстіндегі азапты жолды да білмейді, халықтың жанайқай сөзін де естімейді. Апырау деймін-ау, сол шенділер қызметтерінің арқасында (ұрлап жегенін айтпағанда)  әлемнің барлық мемлекеттеріне барып, ғажаптарын (жолын да, мәдениетін, бәрін де) өз көздерімен талай рет көрмеді ме? Сонда көргенін, үйрегенін өз еліне келгенде жасауға неге тырыспайды екен? Болмаса, мемлекеттің қаражатын босқа неге шашады? Ұяты бетіне шықпайтын не деген шенділер, не деген әкімдер?

Қолынан келетін шаруадан бастасын. Бірінші тазалықтан, көкалдандырудан, суарудан, су мен жылу жүйесінен бастауға болады емес пе? Соған көп ақыл да керек емес.  

Осы жылдың көктемінде Абай облысына, киелі Абай еліне, Жидебайдағы Абай кесенесіне, музей үйіне бардық. Қасымызда шетелдік азаматтар да бар еді. Кесене артындағы дәретханадан, үйіліп жатқан қоқыстардан... ұяттан кірерге жер таппадық. Сонда біз Әлемге Абайды танытамыз дейміз ғой. Қалай?.. «Жаздың күндерінде бір күнде жиырмаға тарта үлкен автобустармен шет елден, Қазақстанның түкпір- түкпірінен қонақтар келеді» дейді. Сонда келушілердің өлшеуілі уақыты даладағы жалғыз, қисайған дәретханада кезекке тұрумен өтеді. Ұят. Өте ұят. Мемлекет қаражат бөлмей жатқан жоқ қой. Ол да тоймас қарынға кетіп жатыр ма?  Ащы да  болса шындық сол. Ең алдымен дәретханалардан бастау керек.

Елге жандарыңыз ашыса қайтеді? О дүниеге қап арқалап кеткенді  ешкім көрген жоқ. Осы жол –   Сіздің кезегіңіз, келесі әкімге жол көрсетіп кетіңіз.

 Менің туған ауылым Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Күреңбел ауылы. 30-шілде (2023 ж) күні ауылға барып, ауырып қайттым. Ауылдың арықтарында су жоқ. Себебі арықтар тазаланбаған. Қасиетті Теріс өзені суалған, ауыз су ауылдың басында бар да, аяғында жоқ. Туған жерім әрең тыныстап, өлім аузында тұрғандай сезіндім. Әкіміне жолығайын деп едім, әкім ауылда болмады.

Қарабасымызды емес, ауылдастарымызды да ойлайық. Арықты тазалау да, өсіп тұрған бау бақшаларды сурару да қолдан келетін нәрсе.

Гүлтас Құрманбай

Көрнекі фото: Aikyn.kz 

Байланысты жаналықтар

ШҚО-да жауын-шашынға байланысты шағын өзендер тасуы мүмкін

09.04.2024

Су тасқыны: Ақмола, Ақтөбе, Қостанай және СҚО әкімдері Тоқаевқа есеп берді

08.04.2024

«Жағдай өте күрделі»: Бектенов министрлер мен әкімдерге бірқатар міндет жүктеді

07.04.2024

Өскеменде теракт жайлы жалған хабарлама таратқан тұрғын жауапқа тартылды

04.04.2024

Тағылымы терең өнер байқауы

29.02.2024

Жамбыл облысында жағдай қиындады

15.12.2023
MalimBlocks
ШҚО-да жауын-шашынға байланысты шағын өзендер тасуы мүмкін

Қауіпті учаскелер анықталып, тәулік бойы бақылау жүргізіліп жатыр.

Су тасқыны: Ақмола, Ақтөбе, Қостанай және СҚО әкімдері Тоқаевқа есеп берді

Аймақ басшыларының айтуынша, жалпы жағдай жіті бақылауда, табиғи апатпен күресу үшін адам күші де, техника да жеткілікті.

«Жағдай өте күрделі»: Бектенов министрлер мен әкімдерге бірқатар міндет жүктеді

Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, сондай-ақ Абай және Ұлытау облыстарында ТЖ режимі сақталып отыр.

Өскеменде теракт жайлы жалған хабарлама таратқан тұрғын жауапқа тартылды

Өскемен қаласының тұрғыны полицияға терракт жайлы жалған хабар бергені үшін жауапқа тартылды, деп хабарлайды Malim.kz.

Тағылымы терең өнер байқауы

«Наурыз мерекесінің алғашқы көрінісі саналатын «Ұрпақтан ұрпаққа» атты бұл байқаудың отбасылық тәрбиеде мәні зор

Жамбыл облысында жағдай қиындады

Қар құрсауында қалған көліктер әлі де көп