Астананы қалың қар басты.  Тұрғындар автобустардың кешігуіне шағымданып жатыр 

Қоғамдық көліктерді аялдамада күтіп қалған адамдар  көп

Malim Админ

  • 17.04.2023

Астанада қалың қар мен көктайғақ салдарынан, автобустар кешігіп жатыр.  

Қоғамдық көліктерді аялдамада күтіп қалған адамдар  көп. Көшелердің көпшілігі тазаланбаған. Тұрғындар автобустардың кешігуіне шағымданып жатыр. Желіде бірден бірнеше автобустың қар құрсауында қалғаны түсірілген фото-видео тарады.

CTS барлық жол қозғалысына қатысушыларды жолда мұқият болуға және бағдарды алдын ала жоспарлауға шақырды.

«Барлық жүргізушілерді жолда мүмкіндігінше мұқият болуға, қауіпсіз қашықтықты сақтауға, жылдамдық режимін таңдауға, шұғыл тежеуді болдырмауға шақырамыз. Біздің компанияның диспетчерлік қызметі қаладағы қоғамдық көліктің қозғалысын онлайн режимде бақылайтынын атап өту қажет», - делінген хабарламада.  

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, ауа райының қолайсыздығына байланысты 112 желісіне 3500-ден астам қоңырау түскен.

Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің бөлімшелері қар құрсауынан 2 автокөлікті эвакуациялап, адамдарды қалаға жеткізді.

Күннің бұзылуына байланысты көліктің барлық түрі үшін автожолдарда төрт бағыт бойынша қозғалыс жабылды. Олар: Астана-Қорғалжын, Астана-Ерейментау-Шідерті, Астана-Анар станциясы, Астана-Щучинск

Фото: Tengrinews.kz 

Байланысты жаналықтар

Су тасқыны: Атыраулықтар Жайық жағасын биіктетіп жатыр (ФОТОРЕПОРТАЖ)

11.04.2024

Су тасқыны: миллиардтаған ақша діттеген жеріне жете ме?

09.04.2024

Су тасқыны: Құлсарыда қауіп сейілмеді (ФОТОРЕПОРТАЖ)

08.04.2024

Ақтөбелік краншы зейнеткер туған қаласын қауіптен қалай құтқарды?

08.04.2024

Су тасқыны: Атырау қаласының қазіргі ахуалы (ФОТОРЕПОРТАЖ)

07.04.2024

Қаңтар айында төтенше жағдай болған аймақтан 97 мәйіт шығарылған

14.03.2024
MalimBlocks
Су тасқыны: Атыраулықтар Жайық жағасын биіктетіп жатыр (ФОТОРЕПОРТАЖ)

Өзеннің су деңгейі кез келген сәтте көтеріліп кетуі мүмкін.

Су тасқыны: миллиардтаған ақша діттеген жеріне жете ме?

Бұл сұраққа Мәжіліс депутаты Абзал Құспан жауап берді.

Су тасқыны: Құлсарыда қауіп сейілмеді (ФОТОРЕПОРТАЖ)

Қап төсегеннің арқасында 5-ауыл су басудан аман қалды дейді тұрғындар.

Ақтөбелік краншы зейнеткер туған қаласын қауіптен қалай құтқарды?

Біз үшін әр минут қымбат болды, себебі су мөлшері сағат сайын артып бара жатты.

Су тасқыны: Атырау қаласының қазіргі ахуалы (ФОТОРЕПОРТАЖ)

Өңір тұрғындары тасқынның алдын алу үшін Жайық өзенінің жағасын биіктету жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Қаңтар айында төтенше жағдай болған аймақтан 97 мәйіт шығарылған

Құтқарушыларға бір айдың ішінде жарты миллионнан астам шақырту түскен.