Бас прокуратура балалар лагерлерін тексеруді бастады

Бас прокурордың тапсырмасы бойынша аумақтық прокурорлар уәкілетті органдармен бірлесіп мемлекеттік, жеке және шатырлы лагерьлердің қызметін тексеруге кірісті.

Malim Админ

  • 20.07.2023

2023 жылға арналған балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру бойынша қызметтерді сатып алу кезінде заңдылықты сақтау мәселелері зерттелуде. Сонымен қатар балалардың тұрып жатқан жері, санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың сақталуын, өрт қауіпсіздігін, тамақпен және медициналық көмекпен қамтамасыз етуді жағдайын тексереді.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, бүгінде елімізде 848 лагерь жұмыс істейді, оның ішінде 118 – мемлекеттік, 100 – жекеменшік, 630 – шатырда қонатын лагерь. Сондай-ақ, маусым айында 10216 мектеп жанындағы лагерь жұмыс жасаған.

Алматы қаласының прокуратурасы «саунамен бір үй-жайдағы балалар лагерін» ұйымдастыру кезінде кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу жөніндегі өкілеттіктерді теріс пайдалану және міндеттерді орындамау фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

https://malim.kz/article/society/saunadagy-lagerge-almaty-qalasy-1078-mln-tenge-bolgen-19723

Байланысты жаналықтар

Су тасқынына бөлінген ақшадан жемқорлар 1 млрд теңге жымқырып үлгерген

23.04.2024

Азаптауға бейім бе: Полицияға жұмысқа тұрғандар тексеріледі

02.04.2024

«Ресейдегі теракт»: ІІМ Қазақстанның сауда орталықтары тексерілетінін айтты

28.03.2024

Бас прокурор Тоқаевқа есеп берді

14.03.2024

Алматының орталық ауруханасында науқастар ВИЧ індетін жұқтырды

14.06.2023

Аймағамбетов балабақшаларды тексеруге енді жетті

02.06.2022
MalimBlocks
Су тасқынына бөлінген ақшадан жемқорлар 1 млрд теңге жымқырып үлгерген

Қаржылық мониторинг органдары Алматы қаласында, Ақтөбе, Қызылорда және Ұлытау облыстарында жымқыру белгілері бойынша төрт іс қозғады. 

Азаптауға бейім бе: Полицияға жұмысқа тұрғандар тексеріледі

Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы азаптауға қарсы іс-қимылдың жаңа тәсілдерін таныстырды, деп хабарлайды Malim.kz.

«Ресейдегі теракт»: ІІМ Қазақстанның сауда орталықтары тексерілетінін айтты

Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха Мәскеу түбіндегі Crocus City Hall концерт залында болған терактіден кейін еліміздегі адам көп жиналатын орындар жоспарлы түрде тексерулерден өтетінін айтты, деп хабарлайды Malim.kz.

Бас прокурор Тоқаевқа есеп берді

Бірқатар резонанс тудырған қылмыстық іс бойынша күдіктілер ұсталып, Қазақстанға қайтарылған.

Алматының орталық ауруханасында науқастар ВИЧ індетін жұқтырды

Алматы қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті орталық қалалық клиникалық ауруханадан науқастардың ВИЧ індетін жұқтырғаны туралы ақпаратқа байланысты жоспардан тыс тексеруді бастады.

Аймағамбетов балабақшаларды тексеруге енді жетті

Бүгін Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов елдегі балабақшаларда тексеру жұмыстары басталып, оларға қойылатын талаптар күшейетіні туралы жазды. Министр балабақшадағы камералар әсерінен балалар құқығының бұзылған фактілері анықталғанын жазып, енді оларды қорғау мәселесіне баса көңіл бөлмек екен.