"Бір қызметкер үш адамның жұмысын істейді". Назарбаев әуежайының мамандары шу көтерді.

Жұмысшылар жүкті әлі күнге қолмен тасиды

Malim Админ

  • 10.06.2022

Елордадағы  Назарбаев әуежайы қызметкерлері жұмыс жағдайына байланысты наразылық білдірді. Шағымданушылар жалақыға көңілдері толмайтынын айтып, техника жетіспеушілігін сынға алды.  

Әуежай қызметкерлері бір адам үш адамның жұмысын атқарады. Ал табыс көлемі төмен болғандықтан ол азық-түлік, дәрі-дәрмек алуға жетпейтінін айтып отыр. Әуежай басшылығы бұл мәселеге пандемияны себеп қылған.

Жүк тиеуші қызметкер Марат Разхымбековтің сөзінше,  бір ауысымда адам жетіспейтіндіктен, 10-12 адам жұмыс істейді.

«Мұндағы жігіттердің барлығында 2-3 грыжа бар. Маған МРТ нәтижелері омыртқаның грыжасын көрсетті. 150-200 мың теңге жалақымызбен мұны емдеу мүмкін емес. Қазір дәрі-дәрмектің өзі 30 мың тұрады. Бұл ақшаға қалай емделіп, отбасымды асыраймын?» – дейді ол. 

Жұмысшылар техника жетіспеушілігінен жүкті әлі күнге қолмен тасуға мәжбүр. Амангелді Тукенов соның салдарынан жүктердің ауысып, жоғалып жататынын жеткізді. Жүк ақысы қызметкерлердің жалақысынан ұсталатын көрінеді.

«Әзірге әуежай пандемияға дейінгі көлемінің 80% ғана қалпына келтірілді. Пандемиядан кейінгі кезеңнен бері әуежай биыл алғаш рет жалақы көлемінде үш сыйақы төледі. Әуежай – барлық әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыратын тұрақты кәсіпорын», – деді Нұрсұлтан Назарбаев атындағы әуежай басқармасының бірінші орынбасары Дәулет Хамзин.

Басқарма төрағасының өндіріс жөніндегі орынбасары да өткен жылмен салыстырғанда қызметкерлердің жалақысы 27 пайызға өскенін айтты. Соған қарамастан басшылық штатты кеңейтіп, жалақыны қайта қарауға дайынбыз деп мәлімдеді.

 

Байланысты жаналықтар

Құлсарыда су тасқынынан зардап шеккен тұрғындар баспана шығынын өтеуді талап етіп, алаңға жиналды

03.05.2024

«Президентке үндеу жаздық!»: БҚО-да үйі су астында қалған саяжай тұрғындары әкімдікке наразы

23.04.2024

Алматы облысында ауыл тұрғындары жайылымның сатылып кеткеніне наразылық білдірді

23.04.2024

Қояндыда су тасқыны кезінде жолды жауып тастағандар айыппұл арқалады

28.03.2024

Путинге жаппай смс-хабарлама жіберіліп жатыр

05.12.2023

Кітапханашылардың айлығы 980 теңгеге көтеріледі

14.08.2023
MalimBlocks
Құлсарыда су тасқынынан зардап шеккен тұрғындар баспана шығынын өтеуді талап етіп, алаңға жиналды

Олар тікелей эфирде Тоқаевқа үндеу жолдап, алаңға өз үнін оған жеткізу үшін бейбіт түрде жиналып жатқанын алға тартты.

«Президентке үндеу жаздық!»: БҚО-да үйі су астында қалған саяжай тұрғындары әкімдікке наразы

Тұрғындар шығынды бәріне бірдей өтеуді сұрайды.

Алматы облысында ауыл тұрғындары жайылымның сатылып кеткеніне наразылық білдірді

Ауыл әкімі жер телімі жекеменшікке өткенін растады.

Қояндыда су тасқыны кезінде жолды жауып тастағандар айыппұл арқалады

Ақмола облысында су тасқынынан кейін наразылық білдірген Қоянды ауылының тұрғындарына айыппұл салынды, деп хабарлайды Malim.kz.

Путинге жаппай смс-хабарлама жіберіліп жатыр

Мобилизациямен соғысқа жіберілгендердің әйелдері Владимир Путинмен 14 желтоқсанға жоспарланған тікелей байланыс нөмеріне жаппай хабарлама жіберіп, туыстары қашан соғыстан оралатынын сұраған. 

Кітапханашылардың айлығы 980 теңгеге көтеріледі

20 пайызға өссе, кітапханашылардың жалақысына 980 теңге ғана қосылады екен.