Бомбаланып жатқан Мариупольде қазақстандықтар да бар

Қазір толассыз бомбаланып жатқан Украинаның Мариуполь қаласында 18 қазақстандық қалып қойған. Қалада электр жарығы мен интернет байланыс жұмыс істемей тұрғандықтан олармен байланысу мүмкін болмай отыр.

Ақниет Аманжолқызы

  • 15.03.2022

Қазақстан сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, Харьковте 3, Сумы қаласында 1 Қазақстан азаматы қалып қойған. Олармен байланысу мүмкіндігі бар.

Бүгін Нұр-Сұлтанға Польшаның Катовице қаласынан 89 отандастарымыз оралды. Бұл соғыс басталғалы елге оралған 5-ші ұшақ. Бұған дейінгі 4 рейспен 587 адам елге оралған. Жалпы алғанда Украинадан 822 қазақстандық шығып кеткен.

Украинада қалып қойған 57 қазақстандық ауыр жүк көлігінің 51-і соғыс аумағынан шығып кеткен. 6 автокөлік жүргізушісіне елшілік тұрақты көмек көрсетіп отыр.

Оқи отырыңыз: Аягөз Ханетова: Теңгені рубль құрсауынан шығаруға тарихи сәт туып тұр

Ресей президенті Владимир Путин Украинаға тиесілі «сепаратистік» аумақтардың тәуелсіздігін мойындап, кейін оларға қауіп төніп тұр деген желеумен Украина қалаларын бомбалап, әскери «іс-қимылдар» бастаған. Бұл әрекетті ресми Киевпен әлемнің көптеген елдері «соғыс» деп атады. Қарулы қақтығыстар әлі де жалғасып жатыр.

Әзірге Қазақстан билігі бұл жағдайға қатысты түсінікті мәлімдеме жасаған жоқ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев екі ел басшыларымен сөйлесіп, оларды бейбіт келісімге келуге шақырды.

Қазақстан билігі Украинаға гуманитарлық көмек жіберу туралы шешім қабылдады. Одан бұрын қазақстандықтар да украин халқына қолдау білдіріп, митингке шығып, гуманитарлық көмек жібере бастаған.

Фото DW

Байланысты жаналықтар

Елімізде Жасанды интеллект және инновацияларды дамыту комитеті құрылды

04.05.2024

Қазақстан тергеу изоляторында отырған бір күдікті үшін айына 750 мың теңге жұмсайды

04.05.2024

Ресей Қазақстан үшін қант экспортына шектеу енгізді

04.05.2024

Елімізде 1 шілдеден бастап дәрі-дәрмек қымбаттауы мүмкін

04.05.2024

Қор нарығында доллар қымбаттады

03.05.2024

Алдағы күндері елімізде күн қайта суытады

03.05.2024
MalimBlocks
Елімізде Жасанды интеллект және инновацияларды дамыту комитеті құрылды

Қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан тергеу изоляторында отырған бір күдікті үшін айына 750 мың теңге жұмсайды

Қазір үй қамақтағы күдіктілерге электронды білезік қолдану тәжірибесі көбейіп келеді.

Ресей Қазақстан үшін қант экспортына шектеу енгізді

Бұл туралы РФ Үкіметінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Елімізде 1 шілдеден бастап дәрі-дәрмек қымбаттауы мүмкін

Қазақстанда фармацевтикалық препараттардың құны соңғы бір жылда 11 пайызға өскен.

Қор нарығында доллар қымбаттады

Ұлттық банктің ресми бағамы — 1 долларға 443,37теңге.

Алдағы күндері елімізде күн қайта суытады

Мұның себебі – қысым өрістерінің жылдам өзгеруі.