Былтыр елімізде 21 мыңнан аса интернет-алаяқтық тіркеліп, 21 млрд теңге залал келген

Malim Админ

  • 04.03.2024

 

Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінде киберқылмыспен күресудің өзекті мәселелері туралы тақырыптық отырыс өтті. Жиынға комитет төрайымы Снежанна Имашева жетекшілік етіп, қатысушылар қоғамдағы проблемалық жағдайлар мен олардың шешу жолдарын талқылады.

Снежанна Имашеваның айтуынша, былтыр елімізде 21 мыңнан аса интернет-алаяқтық тіркеліп, азаматтарға 21 млрд теңге залал келтірілген.

«Соңғы 7 жылда Қазақстанда киберқылмыс саны 10 еседен астам өсті. 2017 жылы 2046 болса, 2023 жылы 21637-ге жетті. Биылдың өзінде 3645 интернет-алаяқтық тіркелді. Бұл жалпы қылмыс санының 18 пайызын және барлық алаяқтықтың 43 пайызын құрайды. Қабылданған шаралар нәтижесінде 4 мың интернет-алаяқтық жасаған 2 мыңға жуық адам ұсталып, жауапкершілікке тартылды. Жәбірленушілерге 850 млн теңге көлемінде шығын өтелді», – деді Ішкі істер вице-министрі А.Рысбаев.

Талқылау барысында айтылған барлық пікір мен ескерту ұсыныстарға енгізіледі. Заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті оларды қолданыстағы заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу барысында қарастыратын болады.

 

Фото: parlam.kz

Байланысты жаналықтар

Интернет-алаяқтардан қалай қорғанамыз?

07.03.2024

Тоқаев Ішкі істер министрін қабылдады

06.03.2024
MalimBlocks
Интернет-алаяқтардан қалай қорғанамыз?

Тоқаев Ішкі істер министрін қабылдады

Ержан Сәденов кезектен тыс аттестаттациялауға дайындық барысы айтты.