Депутаттар мектепті жайлы әрі қауіпсіз жасамақ

  • 30.05.2023

Бүгін Мәжілістің әлеуметтік-мәдени даму комитеті білім саласына қатысы бар барлық саланың өкілдерін жинап алып, дөңгелек үстел өткізіп, комитет төрағасы Асхат Аймағамбетов айтпақшы, «өте маңызды мәселені» талқылады.

Яғни, мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздік жүйелерінің жай-күйі қаралды. Бір қарағанда, күйіп бара жатқан шаруа емес. Бірақ, депутат Жанарбек Әшімжан келтірген дерек бойынша, соңғы бес жылда 776 бала түрлі жағдайда көз жұмған. Бала бақша мен үйірмелердегі тәрбиешілерден таяқ жеген бала да көп. Асхат Аймағамбетовтің айтуынша, бала қауіпсіздігі тәрбиеші, мұғалім, мектеп ұстазына ғана қатысты емес, мектеп құрылысына, нысандардың беріктігіне де қатысты екен. Мәселен, былтыр Солтүстік Қазақстан облысында жаңа мектептің төбесі құлаған. Абырой болғанда мектепте ол кезде ешкім болмаған.

Жиынға қатысқандар қазір елімізде жүріп жатқан «Жайлы мектеп» жобасына жаңа салынған мектептер ғана емес, осы күнге дейін салынған білім орындары да сай болуы керек дейді. Мәселен,  Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан елдегі барлық мектеп пен балабақшада бейнебақылау жүйесі орнату, оларды жедел басқару орталықтарына қосу, лицензияланған күзетпен қою шаралары  жүріп жатқанын айтты.

 « Бұдан басқа әрбие жұмысын қайта форматтауды, педагог мамандарды даярлау және қайта даярлау бағдарламаларына балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жаңа модуль енгізуді іске асырамыз», – деді Е. Оспан.

Жиында мектептегі өрт қауіпсіздігі, денсаулық кепіліне қатысты баянадама да жасалды. Алайда, күзет мәселесі қызу талқыға түсті.  Мәселен, Оқу-ағарту министрлігі мектепке кәсіби күзет қажет дейді. Бірақ, соған қарамастан олар мектептің әлеуетін бөліп қараған. Мұндай жүйеден Күзет ұйымдары қауымдастығының вице-президенті Марат Буканов шикілік көреді. Оның сөзінше, оқу-ағарту министрлігі жасаған нұсқаулықта мектептер үш топқа бөлінген. Террористік шабуылға осал нысандар санатына ұжымында тек 700-ден аса адам бар мектептер кіргізілген.

«Бұлай бөлу  үлкен мектептердегі балалардың қауіпсіздігін толық қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.  Ал кіші мектептерде,  бала саны аз мектептерде қауіпсіздік деңгейі  жоқтың қасы. Бұл дұрыс емес», – деді М.Буканов

Бір айта кетерлігі, жиынға келген тиісті министрліктің өкілдері өздерінің атқарып жатқан шаруаларына қатысты баяндама жасаудан аспады. Ал, дөңгелек үстелге онлайн арқылы қатысқан облыс әкімдерінің орынбасарлары депутаттардың кейбір сұрақтарына жауап бере алмай жатты.

Осы ретте Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы Асхат Аймағамбетов парламентке атқарылып жатқан жұмысты баяндаудың қажетті жоқтығын айтып өтті.

«Мектепке қатысты саясатты Оқу-ағарту министрлігі қабылдайды. Алайда, оның жүзеге асыратын жергілікті жердегі билік. Осы жұмыстарда көп жағдайда кемшілік бар. Бірақ, біз өз тарапымыздан осы жұмыстардың дұрыс жүруі үшін заңдарға нендей өзгеріс енгізе аламыз. Осы жайында ұсыныс айтсаңыздар»,- деді.

Депутаттың айтуынша, әлеуметтік-мәдени даму комитеті

мектепке дейінгі және мектептегі қауіпсіздікті жүйелі реттеу үшін арнайы жоба жасап жатқандарын мәлімдеді. Мысалға, тиісті орындарды әр бес жыл сайын мектептердің жер сілкінісіне шыдамдылығын тексеруді міндетті түрде міндеттемек. Сондай-ақ, мектеп пен күзет арасындағы келісім-шартты бір жыл емес, үш жылға жасау жолы қарастырылмақ. Себебі, қазіргі кезде мектеп пен күзет арасындағы келісімді түзу тіпті жарты жылға дейін созылып кетеді. Ал бұл кезде мектеп күзетсіз отырады. Сондай-ақ, мектеп пен балабақшаға қатысты қауіпсіздік толықтай жергілікті жердегі биліктің мойнына жүктеледі. Депутаттардың бұл бастамасы үкімет мүшелеріне ұнап отыр.

«Әр бес жыл сайын ғимараттарды тексеру мәселесіне біз тікелей мүдделіміз. Өйткені ғимараттарға техникалық, сейсмикалық аудит өткізу, басқа да қауіпсіздік шаралары бойынша тексерулерді уақытында жасап отыру бізге әрбір білім беру ұйымының жай-күй туралы толыққанды ақпарат береді. Сондай-ақ балалардың өмірі мен денсаулығына қатысты бірқатар заңнамалық өзгерістер бойынша ұсыныстарымыз бар», – деді вице-министр Е.Оспан.

Ал облыс әкімдері алдағы уақытта өз ұсыныстарын жіберетіндерін мәлімдеді.

Байланысты жаналықтар

Маңғыстау облысында «Жайлы мектеп» жобасымен 21 мектеп салынады

20.05.2023

Мені жамандай бер! – Аймағамбетов несімен есте қалды?

05.01.2023

Енді 5-8 және 10-сынып оқушылары қазақ тілінен емтихан тапсырады

10.11.2022

Педагог өлімі: Аймағамбетов көңіл айтқан жоқ, бақылаушылар қашып кетті – куәгерлермен сұхбат

15.04.2022

Ақтөбеде Аймағамбетовке хат жазғаның үшін сотталып кетуің мүмкін

10.09.2021

Аймағамбетов Жұмағұлов пен Сағадиевтің университеті жайлы айтты

11.06.2021
MalimBlocks
Маңғыстау облысында «Жайлы мектеп» жобасымен 21 мектеп салынады

Елімізде орта білім беру саласында оқушылардың алаңсыз оқуы үшін түрлі кешенді мектеп бағдарламалары іске асырылып келеді.

Мені жамандай бер! – Аймағамбетов несімен есте қалды?

Кешегі тағайындаулардың ішінде елдің назарын ерекше аударған – Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетовтің орнынан кетуі болды. Үш жарым жыл бойы министр болған Аймағамбетовті қимайтындар аз емес екен.  

Енді 5-8 және 10-сынып оқушылары қазақ тілінен емтихан тапсырады

Қазақстанда жаңа оқу жылынан бастап 5-8 және 10 сынып оқушылары қазақ тілінен емтихан тапсырады. Оқу-ағарту министрлігі осындай хабар таратты.

Педагог өлімі: Аймағамбетов көңіл айтқан жоқ, бақылаушылар қашып кетті – куәгерлермен сұхбат

Кеше Алматыдағы көлік және логистика академиясында ұлттық біліктілік тестін (ҰБТ) тапсыру кезінде 1973 жылы туған педагог қайтыс болды. Malim.kz тілшісі кеше тест тапсырған педагогтермен сөйлесіп, оқиғаны куәгерлер көзімен баяндайды (кейіпкерлердің қауіпсіздігі мақсатында кейбір ұстаздардың аты-жөні өзгертілген).

Ақтөбеде Аймағамбетовке хат жазғаның үшін сотталып кетуің мүмкін

Аймағамбетов Жұмағұлов пен Сағадиевтің университеті жайлы айтты